Сатиралық ертегі: Бақсы шал

Бір шаһарда бір кедей шал болыпты. Шалдың әйелі сондай сұлу болады екен. Бір күні бір байдың қыз ұзатқан тойы болып, соған барады. Әлгі шалдың әйелі барса, өзінен басқа әйелдің бәрі де жоғары отыр. Жалғыз төмен отырған осы – шалдың әйелі. Әйел ішінен итқұса болып отырып, той тарқаған соң үйіне келіп, шалға «Мен сенен кетемін», – дейді. Сорлы шал сасып:
– Ей... өзің не деп тұрсың? Кеткенің не? – деп сұрайды.
Сонда қатыны тұрып:
– Сен кедейсің, менен елдің қатынының бәрі жоғары, байлардың да әйелі, бақсының қатыны да артық, сенің түрің мынау, өзіңнің қолыңнан һеш нәрсе келмейді. Мен сенен басқа адамға тиемін, – дейді.
Сонда шал тұрып:
– Ей, қатын, сен кетпе, мен бір амал табайын, – деп, сол жерде ойланып, өтірік бақсы болмақшы болады. Бақсы болып, елдің тамырын ұстап, ойнап, сөйтіп жүріп, айла тауып, елге бақсы атанады.
Бір күні шал бір ауылдан бақсы болып, суды үрлеп, келе жатса, қаланың іші–тысы жиналған адам. Келіп, бір кісіден:
– Бұл не? – деп, сұраса, «Ханның бүгін екі есекпен артқан күмісі жоғалды, соған сұрау салып, бақсы-балгерді жинап жатыр», – дейді.
Шал:
– Ойбай, мені шақырар. Шақырса, түк білмеймін, – деп, қашып кетіп отырады.......
Ертегілер
Толық

Құмалақ ашудың құпиялары

22 наурыз қарсаңында халықтың дүниетанымы, түсінігінің түп- тамырына, сенім-нанымына тағы бір үңіліп шығуды жөн көрдік.


Құмалақ - қазіргі кездің жұлдыз жорамалы. Бүгінде бірқатар ел жұлдыз жорамалды асыға күтсе, бағзы замандарда жұрт басына іс түскенде, құмалақшыларға имандай сенген.


Құмалақ тартуға қойдың қырық бір құмалағы пайдаланылған. Сондай-ақ....
Кеңестер
Толық

41 құмалақ сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді

Құмалақшылық өнерінің тарихы бірнеше ғасырлардан бері халқымызбен жасасып келеді. Бұл ұлттық дарын-қабілеттің ерекше бір түрі болғандықтан құмалақ, құмалақшы, құмалақ ашу атауы өз қадірін жойған жоқ. Құмалақ ашатын адамды кейде балшы немесе "Балгер" деп те атайды. Бұл жаратылыстың пен табиғаттың ерекше құбылыстарын ұдайы бақылау нәтижесінде пайда болған сәуегейлік ілім.
Кеңестер
Толық