Психология | Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері

КІРІСПЕ
Бүгінде жаһандану үрдісі қоғамға жаңа леп әкелді. Бұл жаңашылдық қай салаға болмасын әсерін тигізіп, даму процесіне де елеулі өзгерістер енгізді. Бұрын төрт қабырғада қамалып отырған жұртшылық ақпарат ағымына тап болғандай. Бүгінгі заң журналитикасы, әсіресе теле журналитика аз уақыт ішінде түрленіп, бағыт-бағдарын да өзгертті. Кеңістік жүйе кезінде бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтің саясат жүргізетін құрал болса, қазір ол бұқара санасын билейтін үлкен күшке айналып отыр. Телевиязияның адам психикасына әсерін батыста кеңінен пайдалануда. Шет елдің арзанқол, жабайы мәдениетін насихаттайтын хабарларын қарап, олардың «талғамының биіктігінең кейде қайран қаламыз. Ал шындығына келсек, адам психикасын шаршатып, болмашы нәрсеге эмоциямызды көл етіп батыстың таусылмас сериалдары, шытырман оқиғалы фильмдері (айта кетерлігі, сол фильмдердің бас кейіпкерлері американдықтар, сол елдің серілері де, ал жеккөрінішті, сұмырайлары не орыстар немесе азиаттар болып келеді) түптеп келгенде еріккеннің ермегі емес. Мұның астарында да үлкен саясаттың иісі аңқиды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек.
Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық