Балғабек Қыдырбекұлы | Отбасындағы әңгіме


От басындағы әңгіме әртүрлі бола беруші еді. Қазақтың кедей шаруасының революциядан бұрынғы әнгімесінің бір түрі мынадай болатын. Мысалы, наурыз тұрып, жер жібіп, жана жыл келген соң Әбділ үй ішін от басына жинап алып әңгіме бастайтын. Зағипа, сен Итбайдың сиырын саууға тұр. Артылған іркіті болса да, үйге әкеліп тұрарсың. Сәлім, сен Итбайдың қозысын бақ. Бір жылғы табан-ақы, маңдай терің үшін түк бермеді ғой. Бәрібір сабап-сабап бақтырады. Одан да ең болмаса өйтіп-бүйтіп тамағыңды асырарсың.

Ал коллективтендіруден он жыл кейін от басындағы әңгіменің түрі былай өзгерді. Әбділдің әйелі ойда жоқта қалада тұратын кіші баласының үйіне барамын деп әзірленіп жатты. Үйге кірген Әбділге «маған ат ерттеп бер» деп жабыса кетті. Бұрын әйелінің бетін қайырмайтын Әбділ осы жолы шыдамнан шығып кетті. Ол: істеп жүрген жұмысың қайда, көпшіліктің тапсырған ісі қайда, ферма меңгерушісіне айтпай кетіп қалғанын ұят емес пе және қазір колхоз жылқысы өрісте ғой,— деп өзінің шыдамсызданғанын тыжырынған қабағымен байқатты. Бірақ бұл қабақтың өзі жасынан үйреніскен жау болғандықтан Зағипа қояр болмады. Қайта одан сайын жабыса түсті......
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Бауырымның бас терісі

Көптен көрмеген ауылыма сағынып жеттім. Колхоз іріленгелі бері мұнда келе алмай жүргенмін. Арасы тай шаптырым екі ауыл бұрын екі коллективтік шаруашылық болып, қысқа жіптері байлауға келсе де, күрмеуге келмей, былай тартса арба сынып, былай тартса егіз өліп дегендей болып жататын. Осы ауылдың бірінен мен оқуға аттанып едім. Енді міне, екі ауыл бірігіп бір үлкен колхоз болған. Мына бір төбесі қызыл қаңылтырлы еңселі үлкен үй бұрын жоқ еді, әлгі колхоз председателі Айтбай салғызып алды деп менің туысқандарым шағым айтып есігімді тындырмайтын. Жұрттың көзіне сүйелдей батқан, арыз қоздырушы құрылыс шамасы осы болды. Оған жалғас мына бір қыштан тұрғызылған ғимарат ауылдық совет председателі Көбектікі болса керек.

Қысқасын айтқанда, бәрін де біліп келе жатырмын. Келмесем бұл ауылға өзім келген жоқпын, ал менің көзім бұл ауылды талай сыртынан шолған. Қай шұңқырдан үй салғызуға Айтбай қанша қап топырақ қазып алғанын, оған дөңгелек күпшегінің ұңғысы желініп кеткен елуінші жылдар ішіндегі колхоздың шиқылдақ өгіз арбасының қай жолмен қанша рет барғанын естіп, талай көз алдыма елестететінмін. Ал менің миым да бұл ауылда талай болып қайтты. Кімнің үйінде қандай өзгеріс бар, қайсысы баласын қай күні сүндеттеткені, қай шеше қызын қай күні әкесінен жасырып, түн жамылтып күйеуге қашырып жібергені, олардың арасына кімнің жеңгетай болғаны, қашқан қыздан кімнің көйлек кигені, «өлі-тірісін» қай күні, қалай, кімдердің әкелгені, құдалыққа құйрық-бауыр асаса келгендерді тұнжырап, әлде қуана қарсы алғаны бәрі маған белгілі. Өсек-аяңды жақсы тыңдағыш менің журналистік құлағымның жайын жақсы білгендіктен ауыл адамдары маған Көпенбайдың есігінің алдында жатқан жұдырықтай тасты Шөпенбайдың алдарына. .....
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Үміт әлде далбаса

Адам үмітпен өмір сүреді. «Үмітсіз — шайтан», мен де нақ солай, бар өмірімді үміттенумен өткізіп келемін. Үміттен аулақтап көріне көзге дүниеде жоқ, жұртқа жек көрінішті құбыжық атақ алу жап-жақсы деп ойлап па едіңіз. Шайтан болудан құдайыңыз сақтасын. Бірақ менің сол үмітімнің өзі шайтан болуға айналды ма деп қорқамын. Өйткені ол көзіме бір көрініп, ырым алдырып, той-тойлатпай-ақ барады.

Менің машина мінетін үлкен сықиған бастық болуды ойлағаным қашан. Егер шынына келсем, мен сондай машиналы бастық болуды үйленгеннен кейін-ақ ескере бастағанмын. Оған түрткі салған да сол біздің үйдің шүйке басы — Ызбаркүлдің түрпідей сөзі болатын. «Ойбай-ау, бізге машина міну қайда?», «Біз жаяуға жаралған адамның әйеліміз ғой» деген сөздер батырып арнайы айтпағанымен бүйіріме темірді қыздырып басып, қыздырып басып алғандай әсер ететін.

Менің соқтасы теріні тесе жаздап, талаурап тұрған шиқандай тарынғанымды әйелім де сезді, енді ол басқа әнге басты. Әнге болғанда кәдімгідей шын ән шығарып алды. Үй ішінде екеуміз қалсақ-ақ әйелім қырылдауық тамағын кенеп-кенеп алып, жартастан шыққан жаңғырықтай жаман даусымен соза жөнеледі:.

Дүние, қудым сені жалықпай-ақ,

Судагы ұстатпайсың балықтай-ақ,

Біреуге мал мен басты үйіп беріп

Міреуді мойдың... .....
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Бақыр бас

(этнографиялық әңгіме)

«Жұртқа келген селебе, селебені елеме» десе де, халық елге келген обадан осы заманғы үйлерде хлорофостан қырылған тарақандай жайраған бір кердері кезең болса керек-ті. Аурудан әбден ығыр болған жұрт Үкітайдың баласы Әлтай аяқ астынан қатты ауырып сандырақтап жатыр дегенді естігенде, аза бойлары қаза болды. Ауылдас ағайын жесір қатын, жетім баланың жалғыз түйесін есігінің алдына әкеліп, тіздеп тастады. Он шақты уақ-жанын бөліп, оны осы шетте отырған үйдің төңірегіне иірді де, басқалары апыл-ғұпыл үдере көшті. Кім біледі, Әлтайдың аяқ астынан ауырғанына қарағанда малға келген қарасандай елге тағы да оба, әлде сарамас сияқты әрбір үйден ойбай шығарып, кейбіреулерінің түндігі ашылмай қалатындай қисыпыр жасайтын бірдеме келіп қалған болар. Ондайда ең дұрысы іргені аулақ салып, түп көтеріле көшіп кету болмақ.

— Кім біледі, Үкітай, топырақтан тысқары болсақ әлі-ақ кездесерміз, әлі-ақ ондай күн туса ғана бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеп отырармыз. Мына мал-жанына ие бол! — деді ат үстінен үйге түспестен Жармақ шал. Сырттан айтқан сөз Әлтайдың құлағына анық-ақ жетті......
Әңгімелер
Толық

Биология | Семіздік май басу

Семіздік, май басу — ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу. Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. семіздіктің 4 сатысы бар. .....
Рефераттар
Толық

Қырыққанбас батыр

Қырыққанбас пен Назар ағайынды екеуі де батыр екен. Қырыққанбас батырдың ер кеуде ерлігімен де, қайыспас кайсарлығымен де, шалдырмас шешендігімен де аты алты Алашқа кең жайылыпты. Сол батыр ерегеспен ұрлық істеп, калмақ пен найманға маза бермепті. Бір сәті келгенде Қырыққанбасты наймандар ұстап алып, қалмақтарға байлап беріпті.

Олардың қолында байлауда бір жыл жатады. Қапысын тауып қашып шыққан батыр тұтқында көп жатып әбден әлсірегендіктен ұзап кете алмай, жазыққа жатып қалады. Таңертең қуғыншылар қиналмай-ақ тауып алады. Қалмақтар қашқынды атқа сүйретіп өлтіруге үкім қылады. Мойнына қайыс арқанды салып жіберіп, кең жазықта түс ауғанша сүйретіпті. Әлден уақытта өлді-ау деп жендеттер тоқтайды.......
Ертегілер
Толық

Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай

Баяғы өткен заманда Қағанақбас, Қылкеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен.
Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сойыпты. Тоқтыны сойып, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа......
Ертегілер
Толық

Тұмарбас батыр

Бұрыңғы заманда бір бай бар екен. Үш қатыны бар да, баласы жоқ екен. Бір күндері бай қатындарына айтады: «Мен қартайдым, сендерден бала тумады, қыдырып әулиеге түнейін, құдай бала бермес пе екен?» – дейді. Темір таяқ алып, темір етік киіп жаяу бала тілеп жүріп кетеді. Айлардан ай өткенде, жылдардан жыл өткенде, темір таяқтан тебендей қалғанда байдың алдынан бір жұлындай жерден түтін шығады.......
Ертегілер
Толық

Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғалары

Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Ертегілер
Толық