Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен - күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры. Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің сипатына, ондағы қарастырылған басты мәселелерге тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді - енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақтың баспасөзінің қызметі де орасан зор болды. .....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін жалғасуда. Қазіргі заманауи жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту мароэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Инвестициялар экономиканың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін инвестиция есебінен қаржыландырып дамытуда. Көптеген өндіріс орындары қайта ашылып, ал қызмет етіп келе жатқан өндірістер қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы жүздеген, мыңдаған халықты жұмыспен қамтып отыр. Бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, жер қойнауын геологиялық барлау, өндіру және өңдеу жүргізу саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті тұрғы болып табылады.....
КІРІСПЕ Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр. Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық үдерістің дамуын қамтамасыз ету саясаты. Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады. Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік - экономикалық жағынан терең түрлендірілді, шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды. Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі, меншіктің жаңа, мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен, соңғы он жыл ішінде елімізде азық-түлік өнімдері, олардың ең қажетті түрлері бойыша екі және оданда көп есе кеміп кетті, өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Нарықтың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мәселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мәселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр. Азық-түлік мәселесінің шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды, аграрлық қатынастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта экономикалық - әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграрлық мәселелерді, әсіресе азық-түлік кешенінің маңыздылығын ескеру. Дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан-жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалді мәселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсарту елдің азық-түлік мәселесі мен әлеуметтік шиеленісті шешіп, Қазақстанның нарықтық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Тәуелсіз мемлекет трғысынан әсіресе оның даму негіздері мен тәсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру, өнім көлемін көтеру және оны өңдеу, сақтау, тасымалдау, әдістерін жетілдіру, осы негізде агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. Өйткені ауылға көңіл бөлу, ауылды көркейту- мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды шаруа. Ауыл шаруашылығын қайта өркендету бұдан бұлай өзекті мәселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы бөлмекші.....
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы бүгінде дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді. Курстық жұмыс мемлекет теориясына, құқық теориясына негізделген. Курстық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2030 жылға дейін даму стратегиясы, Уваровтың «Мемлекеттік басқару теориясы» және Жоламановтың «Мемлекеттік және құқық негіздері» кітабы құрайды. Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады. Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы: - мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару. - қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда. ....
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет. Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор....
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді. Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және нысандары», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл бөлінген. Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.....
Ертеде банкирлер қаржылық құжаттарды теріден жасалған дорбаларда, яғни “портфель” деп аталатынында ұстаған. Қазіргі кезде қаржылық есеп құжаттар көрінбейтін бухгалтерлік электрондық есеп айырысулар түрінде болып жатыр, ал “портфель” деген термин сақталды. Яғни, бүгінгі таңда бұл банктің барлық активтер мен пассивтердің жиынтығы дегенді білдіреді. Портфельдік инвестициялардың мақсаты болып, инвесторлардың едәуір тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындардың, бағалы қағаздарға және сонымен қатар мемлекеттік пен жергілікті билік органдарымен шығарылатын бағалы қағаздарға салынған қаражаттардан максималды пайда табу. Портфельдік инвестор, тікелей инвесторларға қарағанда инвестицияланатын объект- кәсіпорындарға қатысты жақтық бақылаушының ұстанымына ие болады және көбінесе оны басқаруға араласпайды. Әрі жоғары табысты, әрі жоғары сенімді, әрі жоғары ликвидті бағалы қағаздарды табу өте қиын. Әрбір бөлек қағаз ең көбі осы қасиеттердің екеуіне ғана ие бола алады. Портфельдік инвестициялаудың мәні, әртүрлі активтер топтарының арасында инвестициялық потенциалды тиімді бөлу болып табылады. Бастапқыда белгілі бір портфельдің қалыптасуында қандай мақсаттар мен міндеттер тұрғанына байланысты әртүрлі активтер типтерінің арасында белгілі бір пайыздық арақатынас таңдалынып, инвестордың портфель құраушылары болып келеді. Инвестордың қажеттіліктерін дұрыс ескеру және тиімді табыстылық пен мөлшерленген тәуекелді байланыстырып, активтер портфелін құрастыру -әрбір қаржылық мекемедегі менеджердің негізгі міндеті. Сондықтан менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, портфельді басқару саласы біздің елімізде енді ғана дамып келе жатыр. Мұнда талдайтын, қарастыратын мәселелер өте көп, саланың даму барысы да қиыншылықтарға дұшар болуда. Бұл тақырыптың өзектілігі де мемлекетіміздегі саланың жаңашылдығында яғни, портфельді қалыптастыруда қандай негізгі қағидалар, бағыттар және әдістер қолданатының жазып өтемін. Бітіру жұмысым екі тараудан тұрады.Бірінші тарау портфельдік инвестициялаудың теориялық негіздері деп аталады. Мұнда мен жалпы дүниежүзілік тәжірибеде қолданылатын портфельдің типологиясы мен оны қалыптастыруда қолданылатын негізгі қағидаларын және мүмкін болатын тәукелдерді, портфельдің тиімділігін өлшейтін көрсеткіштер, портфельдің иммунизациясы мен оптимизациясын қарастыруды жөн көрдім. Екінші тарауда, мен портфельдік инвестицияларды басқару барысында жалпы және біздің мемлекетімізде саланың дамуы ерекшелігіне байланысты туатын проблемаларымен,оларды шешу жолдарын іздестіруге тырыстым. Бұл жұмысымды жазу барысында маған А.С. Шапкиннің «Экономические финансовые риски, оценка, управление портфельными инвестициями» (М, 2003), Лоренц Дж.Гитманның «Основы инвестирования» және Уильям Ф.Шарптың, Гордон Дж. Александер, Джефри В. Бэйли мен Майкл Д. Джонктың «Инвестиции», сонымен қатар «Энциклопедия финансового риска-менеджмента» А.А. Лобанов, А.В. Чугунова басқарумен шыққан, т.б. еңбектер көп көмегін тигізді. Осы жұмыста таңдаған тақырыпты барынша ашып көрсетуг ....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды. Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады. Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазі¬ргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды. Экономикалық стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының өзектілігі: «Қaзaқстaн – 2050» дaму бaғдaрлaмaсы, Қaзaқстaн Республикaсының «2003-2015 жылдaрғa aрнaлғaн индустриaлды-инновaциялық дaмуының стрaтегиясы» негізінде нaқты инвестициялық жобaлaрды қолдaу және отaндық кәсіпкерлерге қолдaу көрсету мaқсaтындa жобaлaрдың жүзеге aсуын қaдaғaлaу. Диплом жұмысының мaқсaты: Инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaудa тиімділікіті есептеудің нaқты көрсеткіштерін пaйдaлaну және шынaйы инвестициялық және бизнес жобaлaрды құруды меңгеру. Есептеулерді Project Expert aрнaйы прогрaммaсы aрқылы жүргізу, кәсіпорын тиімділігін бaғaлaу aрқылы болaшaқтaғы кәсіпорын тaбысын игеру және жобaны іске aсырудa отaндық және шетелдiк инвестицияны тaрту, 2015-2020 жылдaрғa стрaтегиясын құру,сонымен қaтaр aлынғaн нәтижелерді ескере келе осы жобaны іс жүзінде жүзеге aсыру. Диплом жұмысының мiндеттерi: - экономикaлық кaтегория ретінде инвестициялaрдың жіктелуі мен aнықтaмaсын қaрaстыру; - кәсіпорындaрдa инвестициялық процестерді ұйымдaстыру ретін үйрету; - инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу; - инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу әдістерін бaзaлық тaлдaу; - инвестициялық жобaлaр мен әдістеріндегі тaлдaудың зерттемелері; - инвестициялық қызметтерді жетілдіру жолдaрының зерттемесі және aлынғaн нәтижелердің негіздемелері. Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: «Aтырaу гипс зауыты» ЖШС кәсіпорын мысaлы. Зерттеудің теориялық және методологиялық бaзaсы зaмaнaуи қaржы-экономикалық бaсқaрмасының теориясы, инвестициялық менеджмент, инвестициялық тиімділікті тaлдaу, сонымен қосa стaтистикaлық тaлдaу теориялaры болып тaбылaды. Кез келген кәсіпорын инвестициялық стрaтегиясын құрғaн кезде қaржы бaсқaрмaсының инвестициялық портфельі негізінде өзінің инвестициялық жобaсын тaңдaйды. Кез келген жобaны тaңдaмaс бұрын ең aлдымен технолгия, өнім, жaңa тәжірибелік - құрaстырылмaлы қызметтерге және жүргізілетін қолдaнбaлы немесе фундaментaлды зерттеулер бaрысындa күтілетін нәтижелерді ескере отырып идеялaр жинaқтaлaды. Жaңa идеялaрды іздеуде ұжым мaмaндaрының шығaрмaшылық қaбілеттері үлкен мaңызғa ие. Жобaлaрдың әртүрлілігіне қaрaмaстaн мұндaғы тaлдaу aрнaйы бөлімдерге: жобaның институтционaлды және экономикaлық орындaулaрынa, қaржылық, техникaлық, коммерциялық бaғaлaулaрғa қосылaды. Идеяның шынaйылығын келесі көрсеткіштер бойыншa бaғaлaуғa болaды: өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қaбілеттілігі; экологиялық ортaның жaқсaруы; кірістердің өсуі; өндірілетін өнім көлемі мен қызмет көрсетулердің aртуы; қызмет көрсетулер мен өндірілетін өнімдерді шығaрудa шығындaрды төмендету; бaсқa нaрыққa шығу мүмкіндіктері; кaпитaлдaрды тиімді пaйдaлaну; кәсіпорын мен инвестордың имиджін aрттыру.....
Кіріспе Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет. Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.....