Кәсіпорын | Туркуаз - топ компаниясындағы персоналдарды басқару жүйесіне талдау

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендік алған соң, тәуелсіз мемлекет қалыптасты.Қазіргі жағдайларда басқару шешімдер дайындау процесінде оның бастапқы стадияларында орындаушыларды кең максималды тарту принципісіз нақты нәтижелі болуы мүмкін емес. Ол өз еңбегі мен жеке идеялары салынған шешеімдір қарағанда үлкен белсенділік пен қызығушылықпен жүзеге асырылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Осы мәселе бойынша түрлі көзқарастарды теориялық және әдіснамалық тұрғыдан көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Қоғамдық жүйелердің циклдық дамуының теориялық сұрақтары еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Персоналмен жұмыс секторы «Туркуаз» АҚ Алматы филиалы құрылымдық бөлімшеc болып табылады. Сектор өз қызметінде Қ.Р-ның қолданыстағы заңнамаларын, осы ережені, «Туркуаз» АҚ мен еңбек қатынастарын реттейтін басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Сектор қызметіне басшылықты Алматы филиалының директоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық жүзеге асырады. Сектордың қызметіне адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасары жетекшілік етеді. Осы Ережемен Секторға жүктелген міндеттер мен функцияларды анықтау мақсаттарында, Сектор Алматы филиалы мен Туркия мемлекеттік байланыс басқармасы басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым- қатынас пен ынтымақтастықты жүзеге асырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері (XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы)

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері /Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан/ өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта Азия/ОА/ мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ОА – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1]. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тіл білімі және салалары

КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады»
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Тәжірибені оңтайлы басқару режимінің технологиялық үрдісі

КІРІСПЕ
Көптеген зерттеулер тәжірибелік функционалдық немесе статистикалық қатынастары арқылы, бірнеше мөлшерде немесе тәжірибелі мәселелерді шешуге арналған. Тәжірибе жасаудың классикалық әдісі қабылданған жағдайларда оның өмір сүру жолында белгілі бір жолмен өзгерген, бір мәннен басқа барлық айнымалы мәндерді бекітуді қарастырады. Бұл әдіс бір факторлы тәжірибенің негізін құрайды. Таңдалған деңгейде бір тұрақтандырушы фактор және барлық басқа түрлі тәжірибелік өлшем қатары, бір ғана фактор бойынша саны тәуелділікті зерттейді.
Мультифакторлық процесті жан-жақты зерттеу үшін бір факторлы тәжірибенің қолданылуы, тәжірибелердің өте көп болуын талап етеді. Бірқатар жағдайларда оларды іске асыру үшін бақылауға алынбайтын факторлардың тәжірибе нәтижелеріне әсер етуі айтарлықтай өзгеруіне мүмкін уақытты қажет етеді. Осы себепті көптеген тәжірибелердің деректері теңдестірілмейді. Мультифакторлы жүйелерді зерттеу кезінде алынған бір факторлы тәжірибелердің нәтижелері практикалық қолдану үшін жиі аз пайдаланады. Сонымен қатар эксперименттік мәселелерді шешу кезінде көптеген тәжірибелер туралы деректер қажетсіз болып табылады, өйткені олар оңтайлы берілген аймақ үшін алынады. Көпфункционалды жүйелерді зерттеу үшін тәжірибені жоспарлаудың статистикалық әдістерін қолдану ең пайдалы болып табылады. Тәжірибені жоспарлау кезінде біз қажетті дәлдікпен мәселені шешу үшін қажетті тәжірибелердің санын және шарттарын анықтау үдерісін білдіреді.
Тәжірибені жоспарлау математикалық статистиканың жаңа бөлімі болып табылады. Ол тәжірибиелі жоспарлаудың статистикалық әдістерімен жан-жақты айналысады. Бұл әдістер тәжірибенің ең аз саны бар көптеген жағдайларда көп факторлы процестердің моделін алуға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Олимпиадалық тапсырмалар: Әдебиеттік оқу (бастауыш 4 сынып)

Тақырыбы: Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларына олимпиадалық тапсырмалар жинағы
Мақсаты: Оқушының білімінің тереңдігін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін дамыту, дарындылығын тану үшін үшін әдебиеттік оқу пәнінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы ұсынылып отыр.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, ой - өрістері кеңиді, есте сақтауы дамиды, байқағыштығы қалыптасады, эвристикалық, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай, дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады.
Олимпиадалық тапсырмалар жинағы оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылды.....
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Энергетика және байланыс | Таңертеңгі асты дайындау құрылғысының микропроцессорлық басқаруын жобалау

1. Кіріспе мен мақсаты:
Менің курстық жұмысымның мақсаты- таңертеңі асты дайындау АРЖ-сін микропроцессорлық элементтер негізінде жобалау. Бұл мақсатқа жету үшін келесіні орындау қажет:
-автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын құру;
-автоматтандыру негізгі шешетін есептерін құру;
-орындаушы және мән беруші элементтерін таңдау қажет және сол таңдауды дәлелдеу;
-элементтердің электрлік сұлбасын және элементтердің көрсеткіштер кестесін құру;
-басқарудың алгоритмдік сұлбасын құру;
-программасын жазу керек;
2.Берілгені:
Мен таңертеңгі асты дайындайтвн автоматты қарастырамын. Бұл үшін сағат, тостер және кофедайындағыш (кофеварка) керек. Жұмыс істеу алгоритмі:
- сағат жетіні көрсеткенду тостер және кофедайындағыш қосылады;
- тостерде қосымша нан бөлінділері салатын резервуар бар; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы-ның басқару тиімділігін жетілдіру

Кіріспе
Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жұмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыру дәрежесіне тәуелді. Басқару тиімділігі өндірістің технологиялық деңгейіне сонымен бірге кадрлар сапасына да байланысты. Кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты - өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру. Кез келген кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін, өндіріс құралдарын толық пайдалануы, сыртқы ортамен байланыста болуы, еңбек бөлінісі тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге тиімді басқару арқылы сапалы өнім шығарып, оны ұтымды жолдармен өткізу, яғни өткізуді басқару керек.
Басқару тиімділігін жетілдіру жолында мынандай нақты қызметтер орындалуы тиіс.
 кәсіпорынның даму болашағын болжай білу және алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;
 ресурстарды даярлау және тауарлар өндіру мен қызметтер ұсынуды ұйымдастыру;
 кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру;
 билік жүргізу және басқа іс-әрекеттерді үйлестіру;
 кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйес

Кіріспе
Ақпараттардаң құрылымы мен қасиеттерін біліп, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінді компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.
XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтуімен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.
Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Мәліліметтер базасын басқару жүйелері

Кіріспе.
Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.
Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.
Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыбтар қозғалмақшы:
1. Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы.
2. Мәліметтер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары.
3. Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі).
Мәліметтер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық кұрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық