Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова әншімен түскен сирек суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жасанды бала, жалдамалы жатыр. Құлаққа түрпідей тиетін бұл тіркестер елімізде қалыпты жайтқа айналып келеді. Жыл сайын құрсағын жалға беретін аналардың қызметін 250 отбасы пайдаланады екен, деп хабарлайды NUR.KZ.
ОҚО-да 12 жыл трактор айдап, нәпақа тапқан тұрғын басшылық ететін балабақшада күнделікті ас-ауқатқа қажетті көкөніс пен жемістің барлығы – табиғи. Бір ерекшелігі, оны балалардың өздері еккен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Талдықорғанда әскерге баратын жасқа келген жігіттерді борышын өтеу үшін көшеден алып кетіп жатыр. Көбі не болғанын түсінбей, аң-таң болса да, сарбаздан борышын өтеуге әзірлігін байқатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қорғаныс істері бойынша департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
NUR.KZ порталына Алматы облысы, Райымбек ауданының мәдениет үйі қызметкерлері хабарласып, ЭКСПО-2017 көрмесіне еріксіз билет алдырып жатқанын айтты. Жұмысына кесірі тиеді деп қорыққан мамандар есімдерінің жасырын қалуын өтінген.
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының ) периметрі және ауданы Сынып: Бастауыш сынып Пән: Математика Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру. 1. Білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып олардың периметрі мен ауданын табуға, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту. Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын арттыру, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. 3. Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелей отырып, алғырлыққа баулу.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордамыз Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев айтты деп жазады Vesti.kz.
Жастар отбасын құрғанда қыз бала өзінің тегінде қалу керек. Өйткені Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар. Бұл туралы дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы айтып берді деп хабарлайды baq.kz.
Құран Кәрімде: «Алла Қағбаны – қасиетті үйді адамдарға тірек етті, сондай-ақ қасиетті (харам) айды, құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған құрбандық малдарды да (құлшылық етуге негіз етті)»[1], – делінген. Харам айларға соғысуға, қан төгуге тыйым салынған құрметті айлар жатады. Олар: зулқағда, зулхижжа, мухаррам және ережеп айлары.