Елбасы - қазақ халқының мақтанышы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егемендіктің тұғырын нықтап жүрген адам, Қазақстан Республикасының тарихындағы тұңғыш президент.

Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің тұңғыш президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көрегендігінің арқасында Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытты. Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап, қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай іс бастаса да санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін - Ел басы. 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасында көптеген өзгерістер орын алды. Елбасы жаңа реформалар енгізіп, халық арасындағы қиыншылықтарды шешу үшін әрекет етті. Қазақстандағы тұрып қалған өнеркәсіптерді, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты. Ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіріп, Астана қаласын салды. Қазақстан Республикасына тəуелсіздік таңында кейіннен реформалар жасап, елімізді əлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді. Сол себепті 1993 жылдың 5 қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен "Болашақ" бағдарламасы құрылды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға шетелде білімалу мүмкіндігі берілді. «Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кəсіптік өзін-өзі жүзеге асыруының өзіндік кепіліне айналды. Сонымен қатар, Елбасы елдің болашағы - жастар деп, жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі - кемеңгерлік, көрегендік.......
Эсселер
Толық

Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы

Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.

«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......
Шығармалар
Толық

Нұрсұлтан Назарбаев- әлемнің тарихындағы кемеңгер тұлға

Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында.
Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Шығармалар
Толық

Отан отбасынан басталды

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді.
«Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. [justify][/justify].....
Шығармалар
Толық

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А XIХ-XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи
дәстүрдің дамуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақ мақсаттары: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А XIХ-XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи
дәстүрдің дамуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақ мақсаттары: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А XIХ-XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи
дәстүрдің дамуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақ мақсаттары: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақтың мақсаты: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақ-орыс қатынастырын талдау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақ мақсаттары: • Қазақ хандығының ішкі жағдайын анықтау
• Қазақ хандығының сыртқы саясатын талдау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық