Банк ісі | Тутыну несиесі жэне қазіргі жағдайдағы оның ролі

Кіріспе
Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» сөзінен шыға отырып, «Айырбас үстемі» деген үғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша-сауда капиталының өкілдері болған. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бүл банктерді «Коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Қазіргі коммерциялық банктер - бүл тікелей кэсіпорынға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілеттіктерін, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсететін банктің операцияларды жүзеге асыруға қүқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды түлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Банктің өкілеттігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын яғни банктің тапсырмасымен жэне оның атынан эрекет ететін банктің орналасқан эсрінен тыс, заңды түлға болып табылмайтын банктің қүрылымдық бөлімшесі.
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға. Қазіргі коммерциялық банктер банктік жүйенің 2-ші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды жэне жеке түлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық жүзеге асырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ТуранАлем банк -Қазақстан Республикасының Орталық банкі

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизмі аясында қызмет атқаратын ұлттық банктер мен басқа несиелік институттардың жиынтығы. Бұл жүйе орталық банк, коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық несиелік институттардан құралады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі

I-бөлім.Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
1.1.Микрокредиттік ұйымдардың маңызы, қалыптасу тәртібі.
Қазақстан Республикасының «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, микрокредиттік ұйым дегеніміз- занда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Микрокредит дегеніміз- микрокредиттік ұйымның қарыз алушыға заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша.
Жалпы еліміздегі микрокредиттік ұйымдардың құрылу тәртібіне келсек, олар коммерциялық және коммерциялық емес нысанда құрыла алады. Коммерциялық микрокредиттік ұйым шарушылық серіктестік нысанында, ал коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар қоғамдық қор нысанында құрылады. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін ынталандыруға бағытталған міндетті қамтамасыз ету және оларға заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін коммерциялық емес микрокредиттік ұйым микрокредиттерді беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін ( занда белгіленген) жүзеге асыруға құқылы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш

Кіріспе.
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы тұрақты дамуда. Бұған қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде.
2005 жылғы алдын ала бағалау бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы сауда айналымы 33,8% өсіп, 55,4 млрд. долларға жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты – 34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 9,4% құрады. Өндірістің нақты көлемінің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады: өнеркәсіпте – 4,6%, ауыл шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі – 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 35,7% жетті.
2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда халықтың ақшалай кірісінің өсуі нақты көрсетуде 12,0% құрады. Осының салдарынан бөлшек тауар айналымының көлемі 2005 жылы 12,4% көбейді.
2005 жылы инфляция 7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға қарағанда 2005 жылғы желтоқсан). Бірқатар алдыңғы жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық қысым жағдайында инфляция салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде – жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы – 6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы – 6,7%) шегінде қалды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Материалдық емес активтер

1. Кіріспе.
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі. Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІН «1С КӘСІПОРЫН»

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ

КІРІСПЕ
Жұмыс 21 беттен тұрады. Курстық жұмыста 2 кесте, 6 мысал бар. Жұмысты дайындауда 7 әдебиет көздері қолданылды. Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: материалдық емес активтер есебі, материалдық емес активтердің маңызы, салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, салық салу объектісі, салық түрлері, алымдар, төлемдер, кеден төлемдері және т.б.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке – жеке тоқталамыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі

КІРІСПЕ
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық