file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары

Кіріспе
Банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады. Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.Банктердің ақша қаражаттары оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағалау | Коммерциялық банктерде несиелік жүйені және жылжымайтын мүлікті бағалау

Қазақстан Республиксында соңғы 2-3 жылда тұрақты экономикалық өсу байқалады, ол әрине біздің еліміздің әртүрлі нарықтарына өзінің әсерін тигізеді. Бұл жерде қозғалмайтын мүлік нарығы да қарастырылады. Және де, инвестициялық белсенділікьің төмендеуіне байланысты экономикалық өсудің біртіндеп баяулауына қарамастан, қозғалмайтын мүлік нарқы өзінің қызметін жалғастыруда. Және оның әрі қарай дамуына тек қана жақсы инвестициялық ахуал, мемлекеттің білімді экономикалық саясаты және тұрақты экономикалық өсу, соныменен қатар ішкі тұрақтылық және анықтылық сияқты жағымды алғышарттардың болуы жеткіліксіз. Соңғысына жетуге болады, егер де заңды негізде және нарықтағы жеке субъектілердің деңгейінде нарықтың объектілері мен субъектілеріне дұрыс анықтама берген жағдайда ғана.
Соңғысына жетуге болады, заңды түрде, сондай-ақ нарықтың жеке қатысушыларының деңгейінде де нарық субъектілері мен объектілеріне дұрыс анықтама берген жағдайда ғана. Қозғалмайтын мүлік объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасы азаматтық Кодексінің 130-шы бабында көрсетілген. Қозғалмайтын заттарға (қозғалмайтын мүлікке) жер учаскілері, жер қойнаулары, оқшауланған су объектілері және жермен тікелей байланыстының барлығы, яғни бірден жерден екінші жерге ауыстыруға келмейтін объектілер, соның ішінде ормандар, көп жылдық көшеттер, ғимараттар, үйлер жатады. Қозғалмайтын заттарға жататындар мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері, космостық объектілер. Заңмен қозғалмайтын заттарға басқа да мүліктерді жатқызуға болады. Мысалы, кәсіпорын толығыменен мүліктік ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдары

Дипломдық жұмыстың өзектілігі – сырттан тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан тартылған ресурстар қалыптастыру мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттерддегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т.б). Екінші деңгейлі банк жүйесін алдын-ала функциялауда коммерциялық банктердің ресурстарның қайнар көздері болып тартып алынған қаражаттар табылады. Егер де олар банк ресурстарының жалпы көлеміне 80-90%-ін құрса. Қазіргі экономикалық жекешелендіру жағдайда банкке қажетті тартып алынған ресурстарды қалыптастыруда оның қызметінің негізгі проблемасы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ақша несие банктер

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердін жэне депозиттік емес ресурстардың шоттарьтның эр түрлері кездеседі. Бүл банктердің жоғарғы бэсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың каражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинак салымдары;
- бағалы қағаздар. Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне
байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу жэне қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тэсіліне қарай;
- қаражаттарды салу жэне кайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тэсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына
қарай;
- тағы басқалар.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кэсіпорындар жэне акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардьщ шоттарьша.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бүл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем қүжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын эр түрлі шоттардағы қаражаттар.Отандык банктік тэжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады: мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ эр түрлі шағын коммерциялық кұрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- эр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражттары жэне олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы каражат
калдықтары. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың
артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне
байланысты сипатталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарих | Екінші деңгейдегі банктер

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен .....
Рефераттар
Толық

Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Ақтөбе қаласындағы банктердің бірінде су­первайзер қызметін атқарған келіншек бір жыл бо­йы клиенттердің шоты­нан өзіне ақша аудар­ып отырған. Мұны біл­іп қойған банк филиа­лының басшысы полици­яға арыз жазды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстандағы ең сенімді банктер

Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады, деп хабарлайды 7күн.кз сайты.
Жаңалықтар
Толық

Курстық жұмыс (жоба): Көптеген ұсақ және шағын банктер

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық....
Курстық жұмыстар
Толық