Расул

Расул есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.

Есімдер мағынасы
Толық

Дамир

Дамир есімінің мағынасы — түрік тілінде темірді осылай атайды. Мұндай есім қойғандағы ниет "темірдей мықты болсын" дегеннен туса керек. Тағы бір мағынасы – ар, ождан. Дамир есімді азаматтар іскер келеді, ерік-жігері мықты. Жақтастары көп. 

Есімдер мағынасы
Толық

Диас

Диас есімінің мағынасы – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.

Есімдер мағынасы
Толық

Әмина

Әмина есімінің мағынасы – араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.

Есімдер мағынасы
Толық

Айсұлтан

Айсұлтан есімінің мағынасы –  "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".  

Есімдер мағынасы
Толық

Аяулым

Аяулым есімінің мағынасы -  менің жаным, сүйіктім, қымбаттым деген мағынаны білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Гүлдана

Гүлдана есімінің мағынасы -  тәжік тілінен аударғанда — сұлу дана, ерекше, білгір, данышпан деген мағынаны білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Айша

Айша есімінің мағынасы -  араб тілінен алынған гайшә, көне еврей тілінен айше — ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Есімнің түрлері — Ғайша, Қайша.

Есімдер мағынасы
Толық

Аянат

Аянат есімінің мағынасы -  араб тілінен ийан сөзін аударғанда – өз көзімен көру, анықтық, айқындылық, шындық, ақиқат деген мағынаны білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Аяна

Аяна есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда: өз көзімен көру, анықтық, айқындылық,шындық, ақиқат, — деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық