География | Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама

1. Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипаттама.
1.1. Релефке жалпы сипаттама.
Балқаш көлі тектоникалық түзілімдегі ойыста оранналасқан. Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстаның шөлейтінде, ежелгі балқаш Алакөл суайдынының бір бөлігін ғана алып жатыр. Ол соңғы төрттік мұзбасу кезеңінен бері белігі. Қазіргі кездегі геог рафиялық жағдайына келсекғ көлдің батыс және солтүстік-батыс жағңалаулары төмен шөгіп, солтүстік шығыс жағалаулары көтерілуде.
Сәйкесіне батыс және солтүстік батыс жағалаулары жалпы ингрессионды сипатта, ал солтүстік – шығысы – регрессиялды.
Көл екі табиғи аудандардың шекарасында оранласқан. Көлдің солтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Орталық Қазақстаның жазығы жатыр, Оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс Қазақстанның құмды жазықтары көмкерілген.
Балқаштың жалпы су жинау ауданы 413 мың км2. Оның көп бқлігі (353 мың км3). Қазақстан территориясында, ал Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасына орналасқан. Алакөл көлінің бассейінінен бөліп тұратын суайрық сызығы Балқаш көлі мен Сасықкөл көлдерінің аралығында жатыр (биіктігі 400 м жуық).
Бассейннің ******** күрделігімен ерекшеленеді. Оның терротоиясында биік таулар жүйесін, аласа тауларды сондай-ақ жазықтар мен Балқаш маңы құмдарын кездестіруге болады.
Балқаш маңы жазығын 2 негізгі аудандарға бөліп қарастыруға болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы (нақтырақ айтсақ Солтүстік және Солтүстік батыс)
2) Оңтүстік Балқаш маңы
Солтүстік Балқаш маңы қазақстан ұсақ моқысының оңтүстік бөлігі болып келеді.
Оның орташа биіктігі 400-500 м. Рельефі жазық болып келеді. Жеке шоқылар, қыраттар, опырылымдар, өзеннің құрғап қалған алаңдары мен тілімденген алаңдар араласып кездеседі.
Оңтүстік Балқашмаңы аккумулятивті жазықты болып келеді. Балқаш көліне қарай еңістеу. Мұнда құмды массивтер кең таралған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Балқаш көлі алабының құрлысы

Кіріспе
Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Балқаш көлі алабы

Кіріспе
Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3 - орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде , Балқаш- Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 - 22 мың км², ұзындығы 600 километрден астам, ені шығыс бөлігінде 9 - 19 километр, батыс бөлігінде 74 километрге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 - 110 км³. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 метр, ең терең жері 26 метр. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді ), шығыс бөлігінде Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз , Бақанас , Тоқырауын , Жәмші , Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра – жылғамен тілімделген; ал, оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар , аралдары аз, үлкендері : Басарал, Тасарал. ....
Курстық жұмыстар
Толық