Бар онда әкел мұнда


Бұрынғы заманда бір патша бар екен, ол патшаның бір жақсы уәзірі болыпты. Сол уәзір тағдыр жетіп өліпті. Өлген уәзірдің бір жақсы баласы қалыпты. Баланы патша шақырып алып:

— Сен маған әкеңнің орнына қызмет қылып, уәзір болуға жараймысың? – депті. Бала тұрып сонда:

— Сіз уәзірлікке ұнатсаңыз, жарар едім, – деп жауап беріпті.

Патша оны қабыл көріп, уәзірлікке алады. Бала патшаға күніне тоқсан үйрек атып беріп қызмет етеді және қандай қызметке бұйырса да әкесінен артығырақ етіп орындап, патшаға жағымды болады.......
Ертегілер
Толық

Қали мен Қази


Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуі бірнеше жыл жер астында жүріп, өнер үйреніп еліне оралады. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін танымайды. Екеуінің де тырнақ, шаштары алынбаған, денелерін түк басып кеткен. Бет-әлпеттері адам шошырлық екен.

Екеуі елге сыя алмаған соң, бір дарияға барып, Қали балық болып жүзіп, Қази құс болып ұшып кетеді.......
Ертегілер
Толық

Жігіт пен өнерлі қыз

Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы жұт болып, бай қоныс аударып, жылқысын жер аударып жаяды. Қыс өтіп, жаз жақындаса да жылқысы келмейді. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.

Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір-екі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы жерлерден, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара торы биені иығына алып сала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайырылып......
Ертегілер
Толық

Қарынбай

Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын, өте алғыр болыпты.

Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде, алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы қаз, үйрекке түспей, қапаланып тұр екен. Қарынбайдың қаршығасын көріп, қалайды. Хан қалаған соң, Қарынбай амалсыз қаршығасын береді. Қаршығасынан айырылған соң, Қарынбайдың күн көрісі нашарлап, ішер ас таба алмай, қапаланып......
Ертегілер
Толық

Бекболат

Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат:

— Әке-шешем жоқ, қаңғырып жүрген жетім баламын, баласы жоққа бала болар едім, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Баланы босаңсуға жіберетін де және оны қайтаратын да кімдер?

Бала – адамның бауыр еті. Сондықтан халықтық ортада ата – ананың, бүкіл елдің бақытын балаға, саналы ұрпаққа теңеген. Қазақ халқында баланың дүниеге келуі мен өсуіне байланысты тәлім тәрбие берудің жүйелі «мектебі» қалыптасқан. Бойына бала біткен келіншек өзінің теріс мінездері болса өзін іштей тәрбиелеп, тек жақсылық жасап, жақсы ойлап жүруге тырысқан. Осы тұрғыда құрсағындағы......
Шығармалар
Толық

Ақылды балалар

Ерте заманда үлкен шақарда бір тату Сүндет отбасында екі ұл, екі қызы және ата-анасы өмір сүріпті. Ата-атаналары өте қарапайым адал, шыншыл ешкімнің ала жібін аттамайтын адал адамдар екен. Ол отбасы да балаларын сондай тәрбиемен тәрбиелеп өсіріпті. Балалары білімге құштар екен.......
Шығармалар
Толық

Балдәурен - балалар арманының аралы

Менің аты-жөнім - Ербол Ажар. Мен Жамбыл облысы, Меркі аудаындағы № 17 Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының 6 "б"- сынып оқушысымын. Мен оқу озатымын және қоғамдық іс-шаралардың белсенділерінің бірімін. Өзім би билеп, ән айтып, домбыра тартқанды ұнатамын.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің баласымын

Мен өз елім Қазақстанды жан-тәніммен жақсы көремін. Біздің еліміз бай, жері кең байтақ. Түрлі ұлттар бір-бірімен тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Жыл сайын оқу білім саласы жақсарып......
Шығармалар
Толық