Қазақша Жаңылтпаш: "Т" әрпі

Тастай ауыр ақ сақам,
Ақ сақаммен жақсы атам.
Жақсы атқаным емес пе,
Ұлдарды зар қақсатам.

Тас,тас, тасбақа,
Асты-үстінде тас-тапа.
Келсін қасқа- асқа, ата,
Берші бата, досқа, ата.
Жаңылтпаштар
Толық

Қазақша Жаңылтпаш: "О" әрпі

Ол бір қыл шылбыр есті,
Бұл бір қыл шылбыр есті.
Ол да,
Бұл да
Қыл шылбырды тым сылбыр есті.

Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.
Жаңылтпаштар
Толық

Қазақша Жаңылтпаш: "М" әрпі

Мінген Шанаға да,
Танаға да
Анау бала-қара бала.

Мен бақшаның қарбызын жинадым,
Алмагүл алма үзіп жинады,
Жоламан таудың жалбызын жинады.
Жаңылтпаштар
Толық

Қазақша Жаңылтпаш: "Қ" әрпі

Құман от ңасында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба?

Қызыл сиялы қалам сенде,
Көк сиялы қалам менде.
Қызыл сиялы ол алты теңге,
Көк сиялысы ол жарты теңге.
Жаңылтпаштар
Толық