Алпысқа келгеннен ақыл сұра

Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.

Бүкіл халық жиналған соң, хан:

— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.

Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Ертегілер
Толық