Айша сұлу

Баяғыда Өмірбек деген бай болыпты, байдың үш қызы болыпты. Байдың кіші қызының аты Айша екен. Айшаның ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, үріп ауызға салғандай сұлу екен.

Күндердің күнінде бір бала келіп Өмірбектің, қойын бағады. Бұл баланың келу себебі былай еді: Әкесі, шешесі ағаларынан ерте айрылып жасынан жоқшылық пен жетімдікті бірдей көріп өседі. Сонан бұл бала бір байға жалданады. Көп кешікпей сол ауылда жұқпалы ауру шығады. Ол ауылдың ақсақалдары мен қара сақалдары осы ауруды әкелген осы бала деп баланы қуып жібереді. Қашып келе жатқан баланың алдынан сол жалданған байдың баласы кездеседі. Ол аң аулап келе жатыр екен. Байдың баласы кездескен үйіндегі жалшы бала екенін танып......
Ертегілер
Толық

Тоқсаба мен тоғыз жасар бала

Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:

– Балам, бұл қозы кімдікі? – депті.

– Ата, қозы қойдікі,– депті бала.

– Әкеңнің аты жоқ па еді? – депті Тоқсаба.

– Әкемнің қара, торы, құла аты да бар, – депті бала.......
Ертегілер
Толық

Қыдыр бақ және ақыл

Бұрынғы заманда қыдыр, бақ, ақыл үшеуі кездесіп қалып, ерегісе кетеді. Үшеуі ерегесіп отырып әрқайсысы өз күшін көрсетпекші болады.

Қыдыр, бақ пен ақылды ертіп алып, бір жер айдап жатқан жынды адамға барып дариды. Сонда жындының айдаған жерінен төңкерілген кесектердің бәрі алтын болып кетіпті. Жынды біраздан кейін шөлдепті. Анадай жерде бір топ керуен түсіп жатыр екен, солардан су ішіп келуге барады. Барарда: «Керуеннің иті қауып алар», – деп, қолына бір кесек алтын ала барыпты. Керуеншілерге барып, су сұрапты. Керуеншілер су беріпті. Суды ішіп алып, анадай жерде өзіне қарап үріп жатқан итке қолындағы бір кесегін атып жіберіпті.......
Ертегілер
Толық

Екі жетім

Бұрынғы заманда бір бай болған екен, ол байдың бәйбішесі және тоқалы болыпты. Бәйбішесінің бір қызы, тоқалының бір ұлы, бір қызы болыпты. Күндерде бір күн тоқалы ауырып өледі. Бәйбіше тоқалдан туған қыз бен ұлға түк тамақ, киім бермей, өнебойы қиын жұмыс істетіп жүреді екен. Бір күні бәйбіше әлгі бала мен қызға ұрсып-ұрсып:

— Қой бағып келіңдер! – деп, аштан аш далаға айдап жіберіпті. Бала мен қыз жылай-жылай қой соңында жүріпті. Баланың жылағанын қойлардың арасынан бір қошқар естіп, қыз бен баланың қасына жүгіріп келіп:

— Неге жылап отырсыңдар? – депті. Бала мен қыз бастарынан өткен қиыншылықтардың......
Ертегілер
Толық

Хан мен уәзір

Ертеде бір хан және онын ақылды уәзірі болыпты. Хан мен уәзір үнемі ел аралауға шығып тұрады екен. Бір күні уәзірімен ел аралауға шығыпты. Шыққанда, жаман киім киіп: «Елде кім ханды жақсы көреді екен?» – деп, жасырын жүріп, тың тыңдайды. Сол аралаумен жүріп, бір кедейдің үйіне келіп, қонуға рұқсат сұрайды. Ол кедейдің қатыны толғатып жатыр екен. Үй иесі:

— Әйелім босанғалы жатыр, – деп, қондырмайды.

Толғатып жатқан әйел:

— «Қырықтың бірі қызыр» деген қондыр, – дейді күйеуіне. Үй иесі қонақтарды қондыруға рұқсат береді.

Сөйтіп, екі қонақ отырады. Әлден уақытта толғатқан әйел босанып, еркек бала табады. Бала шырылдап жерге түскенде ханның уәзірі мырс етіп күліп жібереді.......
Ертегілер
Толық

Өнеге

Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан:

— Сен не қылған адамсың? – деп сұрайды.

Ол адам басын көтеріп:

— Мен ақыл сатушымын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:

— Ата, жолды қысқартайық, – дейді. Қарт:

— Жол қалай қысқарады? – дейді. Жігіт:

— Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, – дейді. Шал ішінен:

— Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Мен қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып қарап қояды. Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрған егінді көріп:

— Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Атақты ұры мен айбынды жолбарыс

Бір атақты ұры болыпты. Ол жапанда жаяу келе жатып бір керуеншілерден мінетін ат сұрайды. Керуеншілер басы артық ат жоқ екенін айтады. Ұры:

— Бәлем, қолыңнан бермегенді жолыңнан алармын,–деп керуеншілердің соңынан еріп отырады. Кеш болып, түн қараңғысын жамылғанда, керуеншілер бір тоғайдың шетіне келіп қонады. Ол тоғайда керуеншілерді тонайтын бір жыртқыш жолбарыс бар екен. Керуеншілер от жағып, көліктерін байлап тастап отырғанда, жолбарыс таяп келіп оттың сөнгенін бағып тұрады. Сол кезде ұры да жолбарыстың арт жағынан келіп керуеншілердің ұйқыға кетуін күтеді. Керуеншілер ұйықтады-ау деген кезде, ұры таяп келіп, ең жақын тұрған шұбарға сап етіп қарғып мінеді. Шұбар ат шошып ыта жөнеледі. Сонда ұрының салған әні......
Ертегілер
Толық

Қорыққан бұрын жұдырықтайды

Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Мал дегеннен сауатын үш сиыры болыпты. Шал күн сайын сиырын жайып келеді де, кемпірі сүт пісіріп, тамақ істейді екен.

Бір күні сиырдың бірін қасқыр жеп кетеді. Кешкісін үйіне келген шал кемпірінен қорқып:

— Кемпір, екеуімізге екі сиыр болады ғой деп бір сиырды алтынға саттым, - деп өтірік айтып келеді.

Шал ертеңінде қалған екі сиырын өріске апарып жайып отырғанда, дағдылы қасқыр келіп, тағы бірін тартып жейді. Шал кемпіріне:

— Кешегі сиырды сатып алған саудагер артық алтын беретін болған соң, сиырдың бірін тағы сатып келдім, –дейді.......
Ертегілер
Толық

Аңқау шал мен айлалы жігіт

Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.

Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:

— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.

— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.

Асан тағы да:

— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Ертегілер
Толық