Білім күні

Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманы тыңдау және эмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Мектепке, оқуға деген ынта - ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: мектеп суреттері, балалар әдебиеті, оқу құралдары, мектеп өмірі көріністерінен көрме; саз аспаптар; 1 үлкен және балалар санына сәйкес ұсақ қоңыраулар мен ағаш таяқшалар.
Қазақстан Республикасының Гимні (үнтаспа). Музыка Әліппе - дәптері.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: мектепке даярлық тобы түлектерінің бірінші қоңырауға қатысуы, балабақшаның, мектептің есігін бірінші күн ашып отырған балалармен танысу; ойын ұйымдастыру; балабақша түлектерінің сыйлық жасауы. Қазақстан Республикасының Гимні орындалған кезде адам өзін қалай ұстау керектігі туралы түсінік беру......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қош келдің Жаңа жыл

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларға Б дыбысы мен әрпімен таныстыру, осы дыбыс арқылы жасалатын жаңа сөздерді оқуға үйрету. Ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын дамыта отырып, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Б дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату.
Көрнекілігі: сұрақ - жауап, әріптер, текшелер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдері: ойын, түсіндіру, топтық жұмыс, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, музыка.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Күлте қыздың сауық кешіне баруы

Сұлтандар мен сұлтаншалар
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге бақыт, табыс ала келсін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңызда аманшылық болсын! Бүгінгі «Қош келдің, Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға мектеп алды даярлық тобы менен 1 «Д» оқушыларын шақырамыз.
Балалар жаңа жылдық киіммен алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді. (Балалар беттерінде аттар бетпердесі болады)
Шыршаны айнала тұрады (шырша шамдары жанбайды).
Жүргізуші: Енді балалар бәріміз қол ұстасып «Шырша жырын» орындайық.
Хор: «Зырлайды шанамыз.».....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Г дыбысы мен әрпі

Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Өткен сабақты тиянақтау

Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс - тыртысын,
Жаңалайды киімді? (үтік) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ауылда Н Қадырбаев

Ашық оқу іс – әрекеті
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ауылда ( Н. Қадырбаев)
Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ауыл өмірі туралы мағлұматтар алады және оларды естерінде сақтайды. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, үй жануарлары, үй құстары аудио – әңгіме, проектор, компьютер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ассоциация әдісі әңгімелесу, триз әдісінің элементтері.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Халық даналығын ұмытқан жоқсың ба

Мақсаты: Балалардың жұмбақ шешу, мақал - мәтелді айту, тапсырма бойынша мақалдар ойлау арқылы логикалық ойын дамыту.
Тапсырманы орындау бойынша сөздің құдіретін түсіне білуге, мақал - мәтелге деген қызығушылықтарын ояту.
Мақал - мәтелді орынды жерге пайдалана білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, ұлағатты сөздер, қамшы.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті типі: Қайталау, балалар білімін бекіту.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті түрі: Саяхат оқу іс - әрекеті.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, жалғастыру әдісі, сурет бойынша
көрсету. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Менің қалауым

Мақсаты: Балалардың ой - өрісін, сана – сезімін, тілін, ойлау, әңгімелеу қабілетін дамыту. Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны аялауға қамқоршы бола білуге, табиғат
сұлулығын сезіне білуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көктем көрінісін елестете отырып табиғат құбылыстарының қасиетін танып білумен қатар, олардан әлде бір зат жасай білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Жаңғақ, қоға, құс бейнесі, ағаштар, құм, ермексаз, түрлі – түсті қағаз, шөп, саз.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдісі - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, құрастыру, жапсыру, жалғастыру.
Сөздік жұмыс: Түлеу, түлейді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Аралас.
Алдын - ала жұмыс: Көктем мезгілі туралы әңгімелер айтып, тақпақтар жаттату, сурет, жапсыру, мүсіндеу оқу іс - әрекеттерінде көктем туралы айту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру

Балабақша еліміз бойынша қашаннан күн тәртібінен түспей келе жатқан үлкен мәселенің бірі. Бұл мәселені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша назарға алып, нақтылы тапсыр - малар мен жүктеулерінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып, мәселе түйіні шешілді. Өткен жылғы Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие туралы арнайы айтылып, елдіктің асыл мұратындай «Балапан» бағдарламасының қолға алынуы қала мен ауылда бір - неше жүздеген балабақшалардың ашылуына мүмкіндік тудырып, сәбилерге қуаныш сыйлады. Осындай елбасы бастаған мектепке дейінгі білім беру саласындағы өрелі оң өзгерістер бізді жақсы жетістіктерге бастайды......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жасыл шырша ортада

Шырша жанында әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар өсіп тұрады.
Шегіртке, көбелектер ән салып би билеп жүреді. Балалар қол ұстасып, дождиктерін ұстап залға кіріп, шырша жанына тұрады.
Тәрбиеші: Ау көбелектер сендерге не болған ән салып би билейміз деп жүріп қыс келгенін де байқамай қалғансыңдар ма?
Шегіртке: Біз шынымен қыс келгенін байқамай қалыппыз.
Тәрбиеші: Ала жаздай билепсіңдер,
Қыс келгенін білмепсіңдер.
Еңбек етпей ұшып қонып жүре беруге болама екен, балалар айтыңдаршы?
Балалар: Жоқ болмайды.
(Сол уақытта боран соғып, қар жауады.) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық