1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Мектепалды даярлық тобы Егеменді елім менің Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер! Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.
Жүргізуші: Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды. Ел халқының елбасына айналып Шықтың қайта төр басына сайланып Тәуекел деп абройға сүйенген Қазағыма жетер дейсің қай халық Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін Ардақтаған адал достар сүйсінсін Тұғырына қайта қонды елбасым Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.
Көрнекі – құралдар: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
ҰОІӘ дайындық
Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация» Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр» _ Мақсаты: балаларға күз мезгілінде болатын өзгерістердің бірі – күзгі жаңбыр туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: қарапайым эксперимент жасауға үйрету, жаңа ертегімен таныстыру; Дамытушылық: тақырып төңірегінде әңгімеге тарта отырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұсақ қол моторикасын дамыту; Тәрбиелік: ұқыптылықпен, сабырлықпен жұмыс жасауға баулып, достарына деген жылы және мейірімді қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: «жаңбыр себелеп тұр», «нөсер жаңбыр» Үштілдік компоненет: күз – осень – autumn , жаңбыр – дождь – rain, Керекті құрал – жабдықтар: жаңбырдың дыбысы жазылған үнтаспа, ғылым орталығында жұмыс жасауға : ысқыштар(әр бала санына), қол сүртетін майлық, тарелкелер(губка тұратын, суы бар), үстел –үсті театры(Саңырауқұлақ – үйшік ертегісі) Әрекет Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- Қозғаушылық Шаттық шеңбер: Амансың ба, алтын Күн! Амансың ба, көк Аспан! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам! Жарты шеңберге тұрады, бірге айтады. Бір – бірімен құшақтасып, амандасады.
Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Иә, дұрыс айтасыңдар! - Күз орыс тілінде – «осень», ал ағылшын тілінде – «autumn» болады Өлең оқу. Күз, күз, күз келді, Жел мен жаңбыр әкелді. Күз, күз, күз келді , Жер көйлегін сары түске өзгертті. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Аспанды бұлттар жауып, жерге тамшылап жаңбыр жаудырады. (Осы кезде жаңбырдың дыбысы естіледі) - Ой, балалар мынау ненің дыбысы? (Таңдана жан – жағына қарайды) - Кәне тынышталып, тыңдайықшы. - Бұл ненің дыбысы екен? - Иә, дұрыс таптыңдар. Бұл жаңбырдың дыбысы. - Жаңбыр орысша не деп аталады? Кім айтады? - Иә, дождь! Ал ағылшын тілінде жаңбыр rain деп аталады. - Ой , балалар, біздің топты да бұлттар басып, жаңбыр жауайын деп тұр екен. Кәне оларды үрлеп қуып жіберейікші. Тыныс алу гимнастикасы. Балаларға бұлттардан жіптермен салбырап тұрған тамшыларға үрлеуге ұсыныс жасайды. Жаңбыр жайында мәлімет. (Жаңбырдың суреттерін іледі) - Білесіңдер ме, жаңбыр ақырын жауып, тамшылар кішщкентай ғана болса, жаңбыр себелеп тұр дейміз. - Ал, үлкендеу тамшылармен қатты жауатын жаңбырды – нөсер жаңбыр дейміз. (Қайта жаңбырдың дыбысы естіледі) - Далада жаңбыр жауса да, күн шығып тұрса да біздің балалар ойыннан жалықпайды. Мен сендерді бір ойын ойнауға шақырамын Саусақ жаттығуы : «Қызықты серуен» - Кәне , біз серуенге бара жатырмыз ждеп ойлайық. • Баспалдақтармен абайлап түсіп келеміз. Ақырын! Абайлап! • Далаға шықтық. Жүгіріп келеміз. • Енді, қояндар сияқты секіреміз. Міне осылай көңілді секіреміз. • Кенет жаңбыр жауа бастады. Міне былай себелеп. • Жаңбыр нөсерлетіп, қатты жауып кетті. • Балабақшаға кіріп кетейік - Міне қандай қызықты серуен болды. Сергіту сәті: - Алақай! Балалар, бұлттар бізді айналып өтті. Келіңдер ән салып, демалып алайық. Ән «Тырс - тырс» (сергіту сәтінде ән айтылады) - Балалар, жаңбыр қалай жауатынын білгілерің келеді ме? Тәжірибе. - Ендеше, қызықты тәжірибе жасап көрейік. - Ашық күні бұлттар мына алдарыңдағы ысқыштардай жеп – жеңіл болады. Олар аспанда ұшып жүріп, өзендер мен көлдерден бойларына су жинайды. Сосын ауырлап кетеді. Өздерінде суды ұстай алмай, жерге жаңбыр болып жауады. - Кәне, біз де жаңбыр жауғызып көрейік. Жеңдерімізді түреміз. Ысқышты алайық. Енді суы бар ыдысқа батырамыз. Алып шығамыз да, қысып, сығып суларын шығарып көрейік. - Міне жаңбыр осылай жауады екен. - Күз туралы, жаңбыр туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы. (Тақпақтар тыңдайды. Бірнеше баладан сұрайды.)
Ертегі айту. - Мен сендерге «Саңырауқұлақ – үйшік» деген ертегі айтып берейін.
Әңгімелесу. - Сендерге ертегі ұнады ма? - Саңырауқұлақ астына нелер тығылды? - Барлығы неге тығылды? - Күз мезгілі. - Күн суық. Жылы киім киеміз. Жапырақтар сарғайып , жерге түсіп жатыр. Жаңбыр жауа береді.
Үш тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.
Мұқият, қызыға тыңдайды.
Тыңдап, ойланып, жауап береді.
- Бұл – жаңбыр.
- Дождь.
Тыңдап, бірнеше рет қайталайды. Есте сақтауға тырысады.
Тамшыларға үрлеп, тыныс алу жаттығуын орындайды.
Қызыға тыңдайды.
Тәрбиешіге ілесіп үстелдің бетінде саусақтарымен тез және баяу ырғақпен, ақырын және қатты соғып саусақ жаттығуын орындайды.
Қуана келіседі. «Тырс - тырс» әнін орындайды.
- Иә!
Ұсынысты қуана қабыл алады. Мұқият тыңдап, қарап, бақылап тұрады.
Жеңдерін түреді. Ыдыстан құрғақ губканы алады, оны суы бар ыдысқа батырып көреді. Сығып, қысып суын шығарып көреді.
Күз, күз, күз келді, Жаңбыр мен жел әкелді. Кап – кап- кап, кап-кап-кап, Жаңбыр мен жел әкелді.
Жасыл бағымыз сарғайды, Жапырақтар ұшты. Шу-шу-шу, шу-шу-шу Жапырақтар ұшты.
Ертегіні үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Белсене қатысып отырады.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс - әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, табиғатқа байланысты халық болжамдарын сөз қорына енгізіп, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау. Балаларды табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға тәрбиелеу. Керекті құралдар: Жапырақтар, жеміс ағашы, слайд арқылы балалардың даладағы бақылау кезіндегі іс - әрекетінің суреттерін көрсету. Күн, бұлт, торғайлар, шегірткелер. Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану. Әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, әңгімелесу, қайталау, жұмбақтар жасыру, сахналау. Балалар шаттық шеңбер құрып келген қонақтармен бір - бірімен амандасу.
Армысың, қайырымды Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана Армысың алтын күн! Қайырлы таң, қайырлы күн Армысың достарым Армысың қонақтар Музыкамен жел кіреді. Жапырақ шашып, шығып кетеді.
Ой жаттығуы: - Балалар қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшады, төгіледі. Шашылған жапырақтың құпиясын ашу. Әр жапырақта көрсетілген суреттен тапсырмаларды жұмбақтап айту. - Ол жәндік - Табиғатқа зиянын келтіреді - Өзіне тән ерекше дыбысы бар - Ұшады, әрі секіреді ол не? (Шегіртке) .....
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жамістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Тақырыбы: «Ән, күй, шежіре» Мақсаты: білімділігі: Музыканың мәнерлеу құралдарын қабылдап, ажырата білуге үйрету. Ән, әнші, күй, күйші, сазгер, ақын сөздерінің мағынасын түсіндіру, меңгерту. дамытушылығы: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту, дауысын жетілдіру. тәрбиелілігі: Ән тыңдау арқылы, ән айту арқылы музыканы сүюге тәрбиелеу Методикалық әдіс тәсілі: Ән тыңдау: Жаяу Мұса «Ақ сиса» әні, Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән» Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: Даңғыра аспабы Көрнекілік құралдары: Әнші, ақын, сазгерлер, күйшілер туралы дайындалған слайд. Күй үнтаспасы, ойын атрибуттары. даңғыра аспабы.
Әрекет кезеңдері: І Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру Саз жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады, амандасады.....
Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы және сап музыкасы «Биші болам өскенде» Т. Тайбеков – үйрену. «Барабан» Б. Дәлденбаев – тыңдау. Сабақтың мақсаты: Би өнерінің түрлі қасиеттері мен әдемілігін дәріптеу. Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларды көркем өнерге баулу. Хореографиялық әдіс тәсілдердің сипаттарымен таныстыру. 2. Музыкалы - ырғақтық қимылдар жасауға, би өнеріне қызығушылығын арттыру. 3. Ұлттық би өнерін үйренуге, әдет ғұрып, салт дәстүрді білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады. - Бұл қандай әуен? Саған таныс па? Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады? Қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Би - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді. «Қара жорға», «Айжан қыз», «Келіншек», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билер – халық өмірін, оның тұрмыс тіршілігін би тілімен баяндайды. Әр бидің өзіне тән ерекшелігі, мінез құлқы бар. Көкпар, бәйге, қыз қуу, жорға шабыс, қол өнерде – киіз басу, кілем тоқу, ши орау, қазақ үй әбзелдері, ою өрнек, т. б. Ал бишілер өнерін мың бұралған әсем қимылдарымен көрерменге жеткізеді. .....
- «Алтын сандық» интеллектуалды ойын арқылы балалардың алған білімдерін бақылау. - Сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту. - Еркін сөйлеуге,Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, сұрақ–жауап, сергіту сәті, қортынды. Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер, алтын сандық, жұлдызшалар, әр балаға көтеретін таяқшалар, үлестірмелі суреттер тақта. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылып отырған «Алтын сандық» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.
3) «Озық болсаң, шауып көр» (әр топқа бес-бестен сұрақтар қойылады, шапшың жауап берулері керек.)
4) «Біз дайындаған сыйлық» (қиынды суреттер арқылы каллаж жасау)
Ойынымыздың ерекшелігі әр тапсырманы орындаған сайын жолымыздағы шарларды бір – бірден жарып отырамыз. Жолымыздағы шарлар біткенде Алтын сандыққа да келіп жетеміз, алтын сандықтың ішінде бізге арналған сыйлықтар болады. Ойын шарты түсінікті ме?.....