Сәукеле

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: Қалыңдықтың бас киімі - сәукеле.
Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру, қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік қолтаңбалы өнер элементтерін жапсыруда қолдана білуді үйрету, саусақ қимылдарын дамыту. Қағазды қатпарлау, бүктеп қию әдістерін үйренуді жалғастыру. Ою атауларын еске түсіру, геометриялық пішіндерді қию ептіліктерін дамыту. Ұлттық өнерді, ұлттық киімдерді қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ұлттық киімдер слайдтан көрсету, сәукеленің түрлері.
Қажетті құрал жабдықтар: Түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам.
Алдын - ала орындалатын жұмыс: Әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Жаңа сөз: «Сәукеле - сау келеді».
Оқу қызмет кезеңі Педагогтың қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық - қозғаушылық Балалар, келген қонақтармен үш тілде амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Біз, қандаймыз, қандаймыз
Шұғылылы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Біз доспыз, бауырмыз,
Біз бақытты баламыз! Балалар үш тілде амандасады .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық