Менің достарым


Тақырыбы: Достық неден басталады
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.
Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.
Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің достарым

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Сабақтың мақсаты: Баланың өзін - өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, гүлдер, жұмсақ ойыншықтар, кірпіштер (сурет жапсырылған), бетперде (ит), кеспе әріптер, айна, түрі - түсті бояулар, дидактикалық, қисынды ойындар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, әр түлі ойындар, тосын сәт, психологиялық жаттығу, сиқырлы хат, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, тақпақтар, сергіту сәт, сахналау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.
Балалар: Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық