Жабайы аңдар және олардың төлдері

Білімділік: Балаларға жабайы аңдар және олардың төлдерін таныстырып түсінік беру.
Дамытушылық: Түзету жаттығулары арқылы сөйлеу тілін дамыту. Жабайы аңдарды атап, оларды ажырату, сипаттау, төлдерін және азықтарын табу. Есте сақтау, зейін, қабылдауын және ұсақ қол моторикаларын дамыту.
Тәрбиелік: Ауызбіршілікте болу, адамгершілік қасиеттерге баулып, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Амандасу.
- Балалар бүгін бізде АҰОҚ болғалы тұр, оны бастамас бұрын біз артикуляциялық жаттығуларды жасап жіберейік, өйткені жаттығу жасау арқылы тілімізді дұрыс сөйлеуге жаттықтырамыз солай ма?
- Иә
- Айтпақшы балалар тоқтай тұрыңдар жаңа мен келе жатсам алдымда мына бір үлкен хат жатыр екен. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
- Иә, білгіміз келеді
- Олай болса хатты ашайын. Ой балалар мұнда хат жатыр ғой қане оқиын!
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Біз орман тұрғындарымыз, бізге сендердің көмектерің керек. Жалмауыз кемпір бізді торға қамап қойды, біздің қарнымыз аш, балаларымыз орманда адасып жүрген болар, бізге сендерден басқа көмектесетін ешкім жоқ! Бізге көмектесіңдерші!
- Балалар бұл орман тұрғындары нелер екен? Қане суреттен қарайық. Нелерді көріп тұрмыз? Мынау не?
- Аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян
- Дұрыс ақ балалар бұларды бір сөзбен жабайы аңдар деп атаймыз. Олар орманда мекендейді. Өз азықтарын өздері тауып жейтіндіктен оларды жабайы аңдар деп атайды екен. Ал балалар біздер жабайы аңдарға көмектесеміз бе?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық