Аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері, қоянның кескіндемелері (әр балаға)
Сөздік жұмыс: Үлпілдек, мамық, түбіт, апан, ін.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті, қане айтыңдаршы мынау не?
Балалар: Тиін
Тәрбиеші: Ал мынау не?
Балалар: Қоян.

Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.
Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп:
– Бұл не? – деп сұрайды.
– Кәрзеңке – деп жауап береді тиін.
– Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып.
- Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін.
– Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық