Балабақшамен қоштасу

Құрметті оқырмандар! Балабақшамен қоштасуға арналған тақпақтар мен өлеңдерді ұсынамыз. Мында балалардың және балабақша тәрбиешілеріне арналған қызықты тақпақтар жинақталды. 

Тақпақтар
Толық

Балабақшамен қоштасу

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата - аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларын – деп,
Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.

Балалар музыкамен кіреді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар
Қазақстан Гимн орындалады (хормен)
Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең – деп,
Бүлдіршіндеріміз мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші.
Дәрігер апай келеді.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай.
Жүргізуші: Дәрігер жолдас .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақша | Қош бол, сүйікті балабақшам

Залға балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына отырады.

Барлығы балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!

Марлен:Құрметты қонақтар армысыздар
Бәрінізде есен- аман.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | "Қош балғын, балалық шақ" ертеңгілік

Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» б\б тәрбиешісі КМҚК
І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х
«Қош балғын, балалық шақ»

Балалар залға «Маленкая страна» әні бойынша, әуен ырғағымен кіреді.

Кемел: Құрметты қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен- аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманның
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.
Балабақша есігін,
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Назерке: Ақ тілекті ақытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Балабақшамен қоштасу кеші

Балалар шармен кіріп би билейді.
1 - бала: Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
2 - бала: Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.

2 - жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Қош бол балабақшам

«Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігі

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол балабақшам!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Қош, балбұлақ бақшамыз!

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№21 "Алпамыс" балабақшасы
Тәрбиеші: Алгазиева Райкул Сактагановна


ӘН: Аян: «Ассалаумалейкум»

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата–аналар! «Бақытты балалық шақ әуе ұшағы № 21 («Алпамыс»бөбекжай -балабақшасына келіп қонғалы тұр,

Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық