1961 жылы Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде дамысы мен байлығы тұрғысынан артынан санағанда екінші орында болды. Ол кезде оларда байлық та, ақша да болған жоқ, елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрған болатын. Сол кезде олардың шамасы...
Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі, Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені. Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы, Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі. Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен, Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен. Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры, Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды. Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!». Осындай керемет ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туын желбіретіп, әнұранын әуелетіп отырған елміз. Тәуелсіздік туының желбірегеніне, міне, 25 жыл толады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Биылғы жылды Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын есепті жылы десек, қателеспейміз. Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді»- деп, алдағы кезеңде әлі де кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырған болатын. Сонымен қатар, біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атқанын, сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туғанын мақтанышпен айта келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өткен еді. Қазір алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қоршаған орта. Сабақ тақырыбы: Туған өлкем байлығы мол қазынам Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар үшін: - Ақпаратты түсінеді, іріктеп оқиды. - Жеке эпизодтарға комментарий жазады. - Мәтін бойынша пікір білдіреді. Кейбір оқушылар үшін: - Тыңдарманға әсер ете отырып, көркем сөйлейді......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем» Сабақ тақырыбы: Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Туған жер байлығың Оқу мақсаттары: 3.7 Қатені табу және түзету 2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Сабақ мақсаттары: Мәтінді оқып, қателерін тауып, түзетіп жазуды үйрету.....
Ана тілім аруақ қойған ар тілім, Тіліменен өркен жаяр қарқыным. Тілім барда атағы да өшпейді, Қазақ деген қасиетті халқымның. (С.Ыбырайымқызы)
Жоспар
І Тіл - тіршіліктің бастауы ІІ Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте 1. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар 2. Қазақтың ақылы –көзінде Қасиеті – сөзінде ІІІ Менің тілім өлмейді- халқым тілі Қазағымның сөнбейді алтын күні
«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап.....
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы....
Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған. Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы,......
Сарай іші қатты абыржулы. Қызметшілердің бәрі тілаузын қойып қалғандай үндеспейді. Бір жағы шағылмен жалғасатын хан ордасының төңірегі көтерілген желден шаңытып тұр. Ұстарамен тақырлап алғызған адам басындай тып-тықыр жерді құйын әлсін-әлі сыпырып өтеді. Ұстара демекші Әз-Жәнібек хан да басын ұстарамен қырғызып қойғалы екі күн болған. Өзі де қанын ішіне тартқан қара сұр адам шашын алғызған соң ұсқыны кетіп, сұр жыландай ысқырып отыр. Бүгін жай, күн сәске болып қалғанда тұрған соң одан сарайдағылар әлдеқалай көңілділік күтіп еді. Жоқ, болмады. Қаны қашып, бетінің әжімі айдалған жерде өтпес соқа қалдырған атжалдай жырым-жырым болып кетіпті. Кешегі ашуы бүгін де басылмаған сықылды. Бүгін де келе салысымен, ордадағы орнына отырмай жатып Жиренше шешенді іздеді.
Жиреншенің осындайда табыла кеткенін әркім-ақ қалағандай еді. Өйткені шешендігімен болса да, көсемдігімен болса да ханды әңгімесіне еліттіріп, бәрін ұмыттырып, тұтасып жауғалы келе жатқан бұлтты көтеріп айдап кеткен желдей хан басындағы жаман ойды сәл ғана сейілтіп жіберуші еді. Ондайда ұсқыны кетіп, дүниенің бәрінен күсіп отырған хан сабасына түсіп жарқылдап, жадырап сала беретін. Ордада қызмет ететін, сұлулықтың құдайындай Керім деген сұрша жігіт бірде тіпті ойын естіртіп айтып қалған да болатын.
— Құдай бәрімізді де алып, дүниеде тек Жиренше секілді адамдар ғана қалса қандай жақсы болар еді. .....
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Менің ана тілім
– шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, нағыз пақыр жан деп есептеймін. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Біздің тіліміз-ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз ата-мекенімізде жүргендіктен өз.......