Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны есептеу аудиті

Кіріспе
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік – ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық- құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.
Еңбекақы – бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізігі мақсаттарының бірі – бұл экономиканың нақты секторының жоғары бәсекелестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы проблеманы шешуде үлкен рөлді экономиканың қаржылық секторы атқарады, әсіресе банктік секторы.
Банктік сектор тауарлар мен қызметтердерді ұсынатын жоғары технологиялық және жоғарыбәсекелестік өндірістерді қажетті ақшалай ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мен банктер әр түрлі бағыттағы, ал кей кезде бір біріне қарама- қарсы мүдделерді ұстайды.
Өздерінің экономикалық мүдделерін сақтай отырып өндірістік қатынастарға түсуші жақтар бір бәрімен қарым- қатынастарға түсіп қарсыласқа түседі, бірақ оның нәтижесінде бір біріне жетістіктерге жету үшін объективті жағдайларын жасайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тоқаш Бердияров | Қаламақының қасиеті мен қасіреті


Әдебиет пәнінің мұғалімі Матанов Мақаштың ептеп жазатын да өнері бар-ды. Жалақысын түгелдей әкеп беріп, ал қаламақысын жымқырып «Сыра сайранға» салып жүрді. Үйге жиі-жиі масайып, кешеуілдеп келуді әдетке айналдырды. Ауруды «сатып алып», сабағына да бара алмай, күні бойы дөңбекшіп уһілеп жатқан күндері де болды. Шөлмектес доссымақтары көбейіп, қисық жолға түсті. Айрандай ұйып тұрған семья шырқы бұзыла бастады. Былапыт сөз, тарсыл-гүрсілден жас әйелі де қаншама зәбір шекті.

Бір күні Мақаңның зайыбы Сырбике өзінің көршілес құрбысына мұңын шақты.

— Майраш-ау, менің күйеуім әбден бұзылды, көп ішеді. Үйге көп жанжал шығарады. Енді қайттім сорлы басым?.. Құрбыжан-ау, ақылың болса айтсайшы!..

Майраш аяған сыңай білдіріп, досына былай деді:

— Мектепке барып күйеуіңнің жалақысын өзің алатын бол!

— Обалы не керек, жалақысын қолыма түгел тапсырады.

— Енді арақты кімнің есебінен ішіп жүр?

— Білмеймін.

— Кісі тонай ма, немене?

— Айтпашы қайдағыны... Құдай сақтасын!..

— Ә-ә-ә... ұқтым, ұқтым!—деді Майраш жымиып,— гонорарын саған әкеп бере ме?

— Генералы несі?

— Ойбай, байғұс-ау, сенің байың дырдай ақын боп, атағы әлемге жайылып кетті ғой!.. Мәссаған, осы күнге дейін хабардар емессің бе?.. Масқара-ай!.. .....
Әңгімелер
Толық

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

«Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған…»

Жоспар.
І.Кіріспе.
1.Ақиық ақын
ІІ.Негізгі бөлім
2. ”Ғасыр ақыны”
ІІІ.Қорытынды
Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас.....

Шығармалар
Толық

Қазақстандықтарға жинаған зейнетақысын ертерек алуға рұқсат беруі мүмкін

«БЖЗҚ» басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева зейнетақы заңына өзгеріс енетін болса, қазақстандықтар зейнетақыны мерзімінен бұрын алып, оны оқуға, ипотекаға және еміне жұмсай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Жаңалықтар
Толық

Мағжан Жұмабаев (Заманымыздың ақыны)

«Терезеге қараймын,
Қарындашты жалаймын.
Келтірем деп өлшеуге,
Сөздерді іштен санаймын.
Басқаға мойын бұрмаймын,
Бітірмей жазып, тұрмаймын.
He керек, жұрт сезбейді,-
Ақырын Феттен ұрлаймын».
Өлеңдер
Толық