16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні. Бабаларымыз аңсаған бостандықты, ұлы күнді жырға қосқан ақындар аз емес.zharar.comқазақ ақындарының тәуелсіздік туралы үздік 14 өлеңін ұсынады.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Ақын қай кезде де болмысы бөлек, тау төбе тұлға.Бір қызығы,тіпті таңқаларлығы,қазақ ақындарының басым көпшілігі:Көрегенділігі мен болашақты көре білуі қасиетімен ерекшеленеді. Ең құрығанда өз өмірлерінің бұралаң жолдарын,бұлыңғыр шақтарын көре біледі.Оған дәлел:Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлеңі:”Өзімнің есебімше”деген. Мен биыл, Қырықтың бесеуінде. Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде.Расында ақын 45 жасында төсегінде емес, сайып даланың төсінде мәңгі ұйқыға кетті. Мұқағали туралы айтқанда,ауыздары көпіріп,ішімдікке....
Дарынды жерден ізде, Көктен ізде, Оларды берген емес текке бізге. Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз Су жұтып, Кетті дейді көк теңізге. Қандай күш ақын дертін емдеп еді! Мықтыға мықты ғана тең келеді. Бастарын Иожеф пенен Верхарнның.....
Алатаудан, Арқадан Ақындарым келіпсің. Тілдерінен бал тамған Жақындарым келіпсің. Ертіс, Еділ, Іле, Сыр Бас қосқалы келіпсің. Жүрген жері думан жыр — Сендер елге көріксің. Шаршы топта төгілген....
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Қызылордада анасының көлігін ұрлап мініп кеткен 10-шы сынып оқушысы "Лексус" автокөлігімен қыз баланы қағып, бойжеткен көз жұмған еді. Енді марқұмның туыстары жеткіншек жазадан "құтылып кете ме" деп қорқып отыр. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Сөз өнерінің, көркем сөз тігісінің, образдың, көркем ойлардың, сөз шешендігі мен шеберлігінің тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен байқаймыз. Айтыстарда көркемдік бейнелеу, көріктеу тілі өз алдына, түлеп ұшқан тың өткір, ұтқыр тіркес аса мол болды. Айтысқа қатысқан екі ақынның қайсысы болса, халықтың тіл байлығын молынан пайдалана отырып, неше түрлі әдемі теңеу, сөз образдарын жасайды, айтайын деген ойын әрі ашық, әрі терең мағыналы етіп жеткізеді. Қазіргі кезеңде кемеліне келген әдеби тіліміздің ілгері басып, дамуына ақындық теңізі сияқты айтыс өлеңдерінің орны ерекше. Айтыс - өлеңді қолма-қол суырып салып айтатын өнер сайысы, синкреттік сипаты басым жанр. Айтыс тілінің көркемдік әлемі – оның бүкіл болмысын танытады. Көркем сөз өнеріне елеулі үлес қосқан айтыскер ақын О.Досбосыновтың шығармашылығын тілдік тұрғыдан талдап көрсете отырып, әдеби тілдің көркемдік нормаларын, соған сәйкес эстетикалық принциптерді қалыптастырудағы орнын анықтау зерттеудің өзектілігі деп білеміз. Ақын тіліндегі троптардың түрлеріне кеңінен тоқталып, өзге айтыс ақындар тілінің ерекшеліктерімен салыстара зерттеу маңызды болмақ. Зерттеу нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде – О.Досбосынов айтыстарындағы троптың түрлері мен көркемдік тәсілдердің ерекшеліктері алынды. Сол арқылы айтыс тіліндегі троптарды зерттеу нысаны көзделді. Ақынның кейбір сөз қолданысындағы ерекшеліктерді анықтауда олардың қағысулары мен қайымдасулары, басқа да айтыс ақындарымен салыстырылды. Және де ақын айтыстарымен бірге өзінен бұрынғы өмір сүрген айтыскер ақындар Біржан мен Сара, ұлы ақын Абайдың өлеңдері, түркі жазба ескерткіштері тілдік салыстырулар ретінде қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты – айтыс ақындар тілінің лексикалық ерекшеліктерін, яғни стильдік-семантикалық, құрылымдық жағын, көркемдік амал-тәсілдердің экспрессивті, эмоциялық бояуын, фразеологизмдердің сөз саптауда әр түрлі семантикалық, тұлғалық, өзгеріске ұшырап жаңаруын, сондай-ақ морфологиялық, кейбір синтаксистік ерекшеліктерді және өлеңнің құрылысын анықтай отырып, ақындар айтысындағы троптарды О.Досбосынов тілі бойынша зерттеп, маңызын анықтау. Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері – стильдік-семантикалық талдау және баяндау, салыстыру, ғылыми тұрғыда талдау. Сондай-ақ, жалпы тіл білімінде қолданылатын лингво-стилистикалық әдістер басшылыққа алынады. Жұмыстың жаңышылдығы: Зерттеу негізін құрайтын “Айтыс тіліндегі троптар” О.Досбосынов шығармалары бойынша зерттеліп, алғаш рет айтыскер ақынның көркем сөз образдарының тілдік бейнесінің мәні туралы пайымдаулар жасау үлкен маңызға ие. Ақын тіліндегі троптардың қолданыс аясын зерттеу арқылы бүгінгі айтыс тіліндегі троптардың ерекшеліктерін анықтайды
1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI
1.1Айтыс жанрының зерттелуі
Қазақ тарихында халықтың әлеуметтік – тұрмыстық ерекшеліктеріне сәйкес туып қалыптасатын фольклорлық мұраның қайнар көзі саналатын айтыс өлеңдерін зерттеу - қай кезеңде болмасын маңызды. Айтыс - өлеңді қолма-қол суырып салып (импровизация) айтатын өнер сайысы синкреттік сипаты басым жанр. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда айтыстың алғашқы үлгілерінің тууына тұрмыс-салт жырлары негіз болған. Батыс түрік қағандығы кезінде (6-7 ғ) Қытай жылнамаларының деректерінде “түріктер бие сүтінен жасалған қымызды ішіп алған соң, ән шырқап бір-бірімен өлең айтысады” деп жазылған. Тіпті оның түп-тамырын “алғашқы қауымның әлеуметтік-экономикалық тіршілігінен іздеу керек” деген де тұжырым бар. Қалай десек те айтыс әріден – көне дәуірден тамыр тартады. Халық өмірінен мәнді орын алып, күні бүгінге дейін толастамай ие бола жалғасып келе жатуы айтыстың өміршең екендігін көрсетеді. Ауыз әдебиетінің ең мол жанры ретінде айтыс, тек XIX ғасырдың ортасында былайғы қарайғы кезеңде ғана жазылып, жарық көріп түрлерге бөлініп, халыққа кеңінен таныла бастайды. Бұл іске Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин, Б.Дауылбаев, Ж.Шайхысламов т.б. қатарлы жазушылар ат салысқан. Белгілі зерттеушілер Ш.Уалиханов, В.Радлов айтыс жанры жайында бағалы пікірлер айтқан. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров қатарлы белгілі адамдар елеулі еңбек еткен. Кейінгі жылдары М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Ысмайлов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, М.Дүйсенов, М.Жармұхамедов, Н.Төреқұлов т.б. ғалымдар арнайы ебектер жазып, айтыс табиғатын жан-жақты қарастырған. Қазақ еліндегі айтыс жеке ақындарға тән өнер түрі болуымен қатар, ол ең алғашқы туыс-бітімінде көптік жанр. Айтыстың әуелден кең өркендеп дамуына әркез бүкіл халық болып ат салысып келген. Халық бойындағы осы поэтикалық дарындылықты қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уалиханов айрықша атап көрсеткен. Ол сахарадағы мал баққан қазақ пен арап (бәдәуи) поэзияларының өзара ұқсастықтарына үлкен мән бере отырып: “Поэзияға, әсіресе суырып салма ақындары Европалықтарға қашаннан таныс. Аравияның шетсіз шөлдері мен ондағы жұрттың баспана шатырларының бәрін де өз көзімен көрген саяхатшылардың бәрі де жартыла жалаңаш араб балаларның өздеріне қойылған сұрақтарға төрт тақтасы жатық өлеңмен мүдермей жазып жүр. Бұл монғол түркі ұрпақтарына тән қасиет десе, қазақ халқының әдеби мұраларын көп жинаған, зерттеуші ғалым В.В.Радлов: “Қырғыз өзі тектес басқа халықтардан айрықша сөз мәнерлігі ғажайып шешендік тапқырлығымен дараланып көзге түседі. Қазақтар қашан да мүдермей ерекше екпінмен сөйлейді. Тіпті ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде оның сөйлемі мен ой кестесі өлең жолдары мен шумақтары секілді ұйқасып, үйлесіп келтіні сонша, нағыз өлең екен деп таң қаласыз”,- деді....