Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады. Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б. Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы қарсыласы, неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке 25 мың еуро сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ, Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ұлттық валютаның бағамын айқындайтын оң іргелі факторларға қарамастан, валюта нарығында құбылмалылық сақталуда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспа және телевизиялық БАҚ-тың бас редакторларымен кездесу барысында айтты деп хабарлайды NUR.KZ пен baq.kz ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эмир Байғазин - кинорежиссер, сценарист, продюсер, актер Кино өнерінің даму жолы, болашағы, адамзат баласына тигізер пайдасы мен тарихи маңыздылығы жайында көптеген ғылыми жұмыстар жазылып, айтылған пікірлер мен ақпараттар аз емес. Бүгін біз осы киноны жасаушы Ақтөбе облысының тумасы Эмир Байғазин туралы айтсақ дейміз. Ол еліміздің атын шетелде танытып, нағыз авторлық киноны дамытуға үлес қосып жатқан тек азамат. 2013 жылдың ақпанында «Үндестік сабақтары» дебюттық толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып «Үндестік сабақтары» фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесіне ие болды. ....
Эдуарда жас болса да кішкентайынан каратэ-до шотокан спортымен шұғылданып, Сиднейде өткен каратэ-до шотоканнан әлем чемпионатында 2 дүркін чемпион атанған батыл қыз.
Эдуарда Денисовна 2002 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. 2012 жылы Сиднейде өткен каратэ-до шотоканнан әлем чемпионатында 2 дүркін чемпион болды. Сондай-ақ Орталық Азия чемпионы. 2017 жылы Қырғызстан Республикасының ашық чемпионатының жеңімпазы. Каратэ-до шотоканнан Қазақстан чемпионы. Каратэ-до шотоканнан Қазақстан кубогінің иегері. 2-даннан қара белбеу иегері. Каратэ-до шотоканнан ұлттық құрама мүшесі. Спорт шеберіне үміткер.....