Күз. Түн. Қараңғы көше. Мейірғұлдың айдарын Нұраның салқын самалы сыйпап өтті. Осы желдің әсері болар, Мейірғұл өзен жаққа қарап, терең ойларға шомды. Қайран, Нұраның сағындырған самалы! Сенімен қауышуды әскер қатарында жүргенде қанша уақыт асықтым деп сұрасаңшы, жарықтық - Нұра!? Бірақ қалай сұрарсың!? Бұл фәниде тіл тек қана гомосапиенс аталатын жаратылысқа ғана тән. Ал сенде, Нұра, жан жоқ. Тіл жоқ. Сен бұдан адасың. Сені Тәңір өзен қылып.....
Қашанда қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған. Жүректің арнап ыстық махабатын, Туғанел, берерім көп менің саған.
Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында «Туғанелдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақ қызындай сезінемін. Менің жаным да, тәнім де Қазақстан елінде. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп тату – тәтті өмір сүреді. Бір-біріміздің салт – дәстүріміз, әдет – ғұрпымызды құрметтеп, шын бақыттың дәмін тартудамыз. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиындық туса да мойымай, өз елін қорғап қалуға ат салысқан. Еліміздің қай жерін....