Ұлт аспаптар оркестрі. Оның құрамында не жоқ! Қобыз, Домбыра, Сыбызғы, Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген,.. Құдайға шүкір, жетіп жатыр! Ұжымның аты ұжым. Қайткенде де оны біреу басқаруға тиіс. Кім? Қобыз ба? Әлде Жетіген бе? Ақыл таразысына салып көрсе, бәрі де лайық. Бәрінің де жөні, бәрінің де мүмкіндігі бар. Бірақ жабық жасырын дауысқа жібергенде ешқайсысы оқ бойы озып шығып, барынша көп дауыс ала алмады. «Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес түседі. Тізеге басып, күш көрсетуге....
Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты. - Кел, қарағым. Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді. - Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім. - Ассалаумағаликум, аға! - Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды. - Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз. Мен үйреншікті орныма тез жайғастым. - Денсаулығыңыз қалай, аға? - Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ. Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып....
Төпеп тұрған нөсерге қарамай-ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп. Ойнақтаған далада қара көзім, Еске түсіп кетті ме бала кезің? Елең қылмай ешкімді......