Аштық, ашаршылық

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Атақты ұры аштан өледі.

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.
Мақал-мәтелдер
Толық

Рамазан айы. Ораза және аштық

Ораза – тек аштық пен шөлдеу деген сөз емес. Бір жануарды немесе сенбейтін адамды бір бөлмеге қамап, аш-сусыз қалдырумен оған ораза ұстатқызған болмаймыз. Оразаның сабыр, шүкір, нәпіс тәрбиесі сияқты басқа ғибадаттармен байланысы бар. Осы себептен хадис шәрифте «Әр нәрсенің есігі бар. Ал ғибадаттардың есігі – ораза» делінген. (Ибн Мүбәрәк)
Жүйке жүйесінің денедегі орны өте маңызды. Тіл жүйкелері сал болған адам сөйлей алмайды. Аяқтағы жүйкелер сал болса, адам жүре алмайды. Жүйкеміздің бұзылу шамасында....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза тұтқан адамға мәкрух болған нәрселер

Мәкрух болатындар мыналар:
1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды.
2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.
3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.
4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің.....

Кеңестер
Толық