Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады

Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.

Жаңалықтар
Толық

Мезолит, неолит

Тас дәуірінің тарихында Қазақстан аумағында мезолит пен неолит заманы шамамен б.з.б. XII-X және III мың жылдықтардың арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші аталған дәуір атауы гректің мезос (орта) және литос (тас) деген сөздерінен қалыптасқан. Бұл дәуір алғаш рет ХІХ ғасыр соңғы ширегінде бөлініп көрсетілгенімен, ондаған жылдар бойы аталмыш терминнің дефинициясы ғалымдар арасында пікір-талас тудырып келді. Мамандар арасындағы түрлі көзқарастардың ұзақ уақыт орын алуын белгілі ғалым А.Л.Монгайт былайша түсіндіреді: «Материалдық мәдениет даму көзқарасынан алғанда, мезолит палеолиттің......
Рефераттар
Толық

Қазақстан археологиясы. Тас дәуірі

Алғашқы қауым адамы өмір сүрген төрттік (антропоген) кезеңі 2 млн. жылдан астам уақыт бұрын басталды. Антропоген дәуірін оған дейінгі неогенмен бөлген өзіндік табиғи шекаралар ірі палеографиялық өзгерістер болған еді. Бұл уақытта Қазақстан аумағында тау түзілу үрдістері зор қарқынмен жүріп, Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жоңғар Алатауы қалыптасады. Жер қыртысының тіке қозғалысы Қазақстан ұсақ шоқысының қазіргі рельефін қалыптастырды. Оның жекелеген телімдері жазықтық пен үстірттер......
Рефераттар
Толық