Менің ауылым – Ақтөбе. Мен өз ауылымды жақсы көремін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылым аудан орталығынан 42 шақырым жерде орналасқан. Өзім осындағы №109 қазақ орта мектебінде білім алып жүрмін. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта газет-журналдар оқығанды ұнатамын. Әсіресе балаларға....
Бойында ұлылықтың жатқан ізі, Келешек ғасырға да мақтан – ісі. Шуақты, шежірелі тарихы бар Мектебім – ауылымның мақтанышы.
(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінің өлеңінен)
Қазіргі XXI ғасыр таңындағы әлемдік кеңістікте өз орнын айқындауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін де оқушы баланың мектепте орта білім алып шығуы міндетті әрі маңызды іс болып саналады. Ендеше, өткен тарихымыздағы қазақ ауылдарында сондай жалпы білім беретін мектептердің құрыла бастауы – сол кездегі жүргізіліп отырған білім саясаты үшін де және қазіргі орта білім жүйесінің тарихы үшін де елеулі мәні бар дүние. Өйткені қазақтың білімі мен ғылымында, әдебиеті мен өнерінде халқына жарық жұлдыз болып сәулесін шашқан талай ұл-қыздары осындай ауыл мектептерінен қанат қағып шыққан болатын. Сондай мектептердің бірі 1947 жылы іргетасы орта мектеп болып қаланған М.Горький мектебі еді. Бұл – қазіргі №25 орта мектебі. .....
Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.
Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр...
— Кеш жарық...
Бәрі де ажырайысып қарады. Жігіттер ығысып орын берді. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бірер минут тұнжырасып отырғаннан кейін сөзге кірісті: олар менің аты-жөнімді, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.
— Е, солай де, Қызылордадан шықтым де...
Қара кемпір бетіме тесіле қарап отырды да:
— Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта біздің бір жаман баламыз болушы еді, одан хабар білесің бе?!— деді.
— Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, Қызылордада кімдер жоқ дейсің, бұл жігіт қайсысын біле берсін,— деп самаурынға таяу отырған бақа сары жігіт кейіңкіреді.
Кемпір жым болды. Жас әйелдер өзара күңкілдесіп, жас баланы сылтау қылып, бірдеме айтып күліседі.
— Бетіңнің кірін қара, балаң сүймеймін дейді, жүр, бетіңді жуайын,— деп біреуі баланы жетелейін деп еді, бала көнбей бұртиды.
— Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кісіні көрдің бе,— деді әжесі.
— Қойыңдаршы, баланың бетін жуғанды қайдан шығарғансыңдар, жуып керегі не?— деп кемпір де кірісті. .....
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.......