Жұмағали Саин (Міне ауыл)

Ақын айтқан түрлентіп талай жырдың
Түпкі иесі сұлу сөз көркем сырдың,
Ауыл міне өмірдің пайғамбары
Асқан нұрлы келбеті Октябрьдік.
* * *
Өкініш біреу, ой тоқсан,
Талғап айт, айтар сөзіңді!
Топта да жүйрік бар не сан,
Көтере берме өзіңді!......
Өлеңдер
Толық

Фариза Оңғарсынова (Ауыл)

Біздің ауыл ұя еді киелі бір,
теңіз бойы, бұйратты жиегі қыр.
Өнегелі ұл менен қыз өсіріп,
шаңырағына құт қонған үй еді кіл.
Жігіттері мәрт мінез, жаны сері
жалғыз арман – ерім деп таныса елі.
Бұрын біздің ауылда әр азамат
бүкіл елдің ары мен намысы еді. ....
Өлеңдер
Толық

Нұрболат Жолдасбек (Дауыл)

Жел – қамқоршы құрақтың сүртіп терін,
Өз түсіне бояған кірпіктерін,
көзін көрген алғашқы пайғамбардың,
Ең кәрі ару тұр әне іркіп демін.
Бір құт енді үстінде бүркіттердің,
Аспан, аға, жылауық.....
Өлеңдер
Толық

Қалқаман Сарин (Қарауыл. Қара өлең)

Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,
Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.
Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,
Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім.

Қара Ертісті жағалай толқып келе жатырмын,
Қара басып қалардай, қорқып келе жатырмын.
Қараой менен Қарасаз, Қарауылдың мұңы бір,
Қара нарға мұңымды артып....
Өлеңдер
Толық

Қалқаман Сарин (Туған ауыл)

Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.

Туған ауыл. Бәрі есте... Балалық шақ,
Қалаға кеп қаңғырдық қалам ұстап.
Кешір мені, күнәсіз....
Өлеңдер
Толық

Біздің ауыл

Біздің ауыл көктемде
Көл жағалай қонады.
Айдын шалқар көк көлге
Аққу-қаздар толады.

Қатар-қатар — шалғында
Ақ боз үйлер....
Өлеңдер
Толық