Тауарлық бәсекелестік

Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. ....
Рефераттар
Толық

Тауарлық материалдық қорлар

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары,сату үшін сатып алған тауарларды (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері отындары, ыдыс және ыдыстық материалдарды жартылай фабрикаттар және басқа да материалдарды сол ұйымның тауарлық материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі өндіріс құралдары шаруашылық
үдерісіне(процесіне)ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отырыратын болса,еңбек заттары өндірісті пайдаланған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілнтін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттарын өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептепеп кіріске алу немесе есептен шығару;
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау;
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау;
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау;
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланған материалдар құнын әр оъектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әр қайсысы материалдың белгілі бір түрін сақтауға арналған болу керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, соттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек;
Кәсіпорын мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыру керек. Ұйымның басшысы материалды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау; ....
Рефераттар
Толық

Тауарлық өндіріс

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі – тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндретін адамдар.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың білігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді. ....
Рефераттар
Толық

Салауатты өмір салты

Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайдан оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнмдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты проблема болып саналады.
Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман – мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр. ....
Рефераттар
Толық

Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызы

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады. Қазіргі кезде мемлекетіміздің конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республикасының «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқаруды қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кеткен. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қиын жағдай. Қазақстан Республикасында емдеу профилактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн. Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады. ....
Рефераттар
Толық

Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген істер атқарылғаны баршамызға да мәлім. Осыған сәйкес қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайндап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірбиеде кеңінен қолданылады.
Жалпы қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жазадан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.....
Рефераттар
Толық

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық

Қылмыстық жауаптылық

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай – ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет . ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық тәртіп Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық

Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды, құқық тәртібін жасайды.
Ең алдымен құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс.
Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі. Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Тауар (өнім) саясаты

Өнеркәсіп ортасында өнім ең "сезімтал" элемент болып келеді. Шындығына жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар (өнім) негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың (өнім) қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін (мысалы, бағасы бойынша), оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады.
Классикалық, яғни өнеркәсіпте ескірген құлық-әрекет пен маркетинг арқылы анықталатын құлық-әрекеттің арасындағы айырмашылық дәл осында, бұл жаңа нарықтық жағдайлардан туған.
Сонымен, кәсіпорын өзінің өнімдеріне сын көзқарас тудырып, оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде тиімді басқару мүмкіндігіне ие болу үшін, үзбей талдауға салып отыруы қажет.
Демек, "тауар (өнім) - нарық" атты парды, жаңа өнімдерді енгізу үрдісін, өнімнің өміршең циклін және т.б. зерттеп білу қажет.
"Тауар — нарық" пары. Өнім, егер ол ешкімге керек болмаса, сөздің экономикалық мәнінде түкке тұрмайды. Сондықтан ол қажеттілікке сай келуі керек. ....
Рефераттар
Толық