PyGame кітапханасы

Пәні

информатика

Мұғалімнің аты-жөні

 

Оқулық

9 сынып Информатика

Сабақ №    , сабақ тақырыбы

PyGame  кітапханасы

Оқу мақсаты

(қысқаша)

9.3.3.3 PyGame; кітапханасын қосу

9.3.3.4 ойын терезесін жасау үшін PyGame кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;

Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)

 

 

Маршрут парағы
Толық

Қ Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры (6 сынып, II тоқсан )

Пәні: қазақ тілі
Бөлім: Астана-өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Қ Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
Сабақтың мақсаты: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тарих | ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан

Қахақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХҮІІІ ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Барольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері – хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс аландарында сынға түседі.
Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.....
Рефераттар
Толық

Салық кодексі | Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу

КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді. Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты.
Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар.
Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау;
- Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | В И Пацаев атындағы мектеп тарихы

Тарихы терең, тағлымы мол білім ордасы
2012 жылы біздің мектебіміз 80 жылдық мерейтойын белгілеп өтті.
80 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі.
Мектеп құрылысы 1929 жылы жергілікті бор карьерінен алынған бор блок материалынан басталды. 1932 жылы ашылған мектеп Алға темір жол станциясындағы жалғыз ғана білім ордасы болған. Заман талабына сай 1967 жылы мектептің оқу корпусы, оқу кластары, спорт зал, оқу шеберханасы, асхана т. б. қажеттілігіне байланысты жаңадан салынды.
Орта мектеп ретінде 1939 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты.
Мектептің өткен тарихына жүгінсек, 50 ден астам адам белгілі ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер, ауыл шаруашылығының мамандары атанды. Түлектер арасында ҰОС қатысушылары, ұшқыш, профессор, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары да бар. Бүгінгі таңда мектеп тарихында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш – космонавт, алғалық В. И. Пацаевтың есімінің болуының өзі зор мақтаныш......
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның қаржылық-экономикалық қызметі

КІРІСПЕ
Диплом алдындағы тәжірибе оқу үрдісінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және өнеркәсіп салалары мен әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар үшін мамандар дайындауда маңызды элемент болып табылады.
Экономистер мен басқарушылар – бұл әртүрлі экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.
Өндірістік тәжірибенің шешілген мәселелері:
- нарықтық қатынсатарда қызмет ету шартында кәсіпорындағы экономикалық жұмыстардың қағидалары мен әдістерін терең үйрену және зерттеу;
- студенттердің мамандық бойынша жұмыстар үшін тәжірибелік білімдерді меңгеруі;
басқару жолдары мен әдістерін зерттеу, өндіріс тиімділігін және кәсіпорын жұмысының сапасын арттыруға әсерін зерттеу;
- өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу;....
Курстық жұмыстар
Толық