Атамекен. Ел. Халық
- Абыройды ақ отау жапты.
- Алтын, күміс жауған жерден де Туып-өскен ел артық.
- Аспандағы бұлтқа қарама, Жердегі жұртқа қара.
Мақал-мәтелдер
Аманаты бабамның
Туын тіккен көгіне.
Қасиеті даламның
Нұрын төккен жеріне.
Еуразия кіндігін
Алып жатқан кең далам.
Анам түріп....
Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
Қадір МЫРЗА ӘЛИ
Қазақстан – Орталық Азияның жүрегінде орналасқан, «Ұлы Даланың» төрінен орын алған, көрінісінен әсерлі сурет қалған, сонау Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғастырар «Азия қақпасының кілті», әрі қойнауында тарихы сыр шерткен, өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген ежелден келе жатқан ұлы....