Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар

Білімді тар ұғымда, білімі бар адам деп, ал кең мағынада көргенді, ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы «білімді» осы екіншіге дәл келеді. Сондай адаммен дос болған адамдар өздерін бақыттымын десе болады. Ал «білімсіз» дегендер білімдіге қарамақарсы адамдар. Адамгершілігі, кісілігі төмен адамды білімсіз адам дейді.
Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа

«Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа»


 «Қайырылмастай сөз» деген –ауыр сөз. Жүректі жаралайтын сөз. Достық дегенді мінсіздікпен шатастыруға болмайды. Адам – пенде. Пенденің әрекетінің дұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басың өте адал бол. Ал дұшпандықпен біреулер араларыңызға сына қақса, ауыр сөз айтпас бұрын, ойланыңыз. Уақыт – емші. Өзіңізді сабырға шақырыңыз. Мінсіз адам болмайтынын ойлап, достық қарым-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Кешегi күннен алыс жоқ, Ертеңгi күннен жақын жоқ

«Кешегi күннен алыс жоқ,
Ертеңгi күннен жақын жоқ»


Халық даналығы ұрпағына қандай асыл сөзді, тәрбиені осы бір мақал арқылы қалдырғанын түсінейік. Тоқсан ауыз сөз айтуға болатын еді. Өткенге өкінбеуді, оның ешбір пайдасы жоқ екенін, ертеңгі күннің, мейлі ол 20,30,40 жыл болса да, оның жақын екенін тобықтай түйінмен жеткізіп тұрған жоқ па?
Сондықтан да, өткенге өкіне берудің қажеті жоқ. Бүгінгі күнмен өмір сүру керек. Ал болашақтағы жақсылықтың іргесін ереңге қалдырмай, бүгін
қалаған дұрыс.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Тозбасты ұста соқпайды, Өлместі Құдай жаратпайды

«Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі Құдай жаратпайды»


Өмірдің өтпелі екенін ұқтыратын осындай қанатты сөздерді атабабаларымыз ежелден-ақ білетін болған. Сөзбен қайғылыны тоқтатып, басу айтқан, жұбатқан. Ал біздің халық қашаннан да сөзге тоқтаған. Сондықтан да бір жағдай болғанда, қимас заттыңды жоғалтып, сындырып алғанда қатты ренжімеу керек. Зат болған соң ол сынады, тозады. Ал қайғы келгенде де қарсы тұра білу керек. Абайдың сөзі бар емес пе: «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме» деген.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ата ­ асқар тау, Ана ­ бауырындағы бұлақ, Бала ­ жағасындағы құрақ

«Ата ­ асқар тау,
Ана ­ бауырындағы бұлақ,
Бала ­ жағасындағы құрақ»


Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға балайды. Ол – ер азаматқа деген сенім, құрмет. Осы мақалда да сол ойды меңзеп тұрғаны анық. Ананы суға, бұлаққа теңеуде де үлкен мән бар. Сусыз тіршілік бола ма? Құраққа теңеген бала асқар таудың етегінде болса, бұлақтан нәр алса, ол тамаша болып өспей ме? Ақылды, берекелі ата-ананың балалары да өз әкешешесіндей ақылды, көргенді, адамгершілігі, кісілігі мол болады.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Үйдiң жылы, суығын Қыс түскенде бiлерсiң. Кiмнiң алыс-жақынын Iс түскенде бiлерсiң

«Үйдiң жылы, суығын
Қыс түскенде бiлерсiң.
Кiмнiң алыс-жақынын
Iс түскенде бiлерсiң»


Халқымыз «Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз» демекші, адам баласының басынан небір күндер, әр түрлі жағдайлар өтеді. Жақсы күнде жаныңнан табылатын жақындарды, басыңа қиындық түскен кезде іздеп таппай қаласың. Ал қиындықта қасыңыздан табылған, қол ұшын беріп көмектескен адам – сіздің адал досыңыз. Сондай достарыңздан айырылып қалып жүрмеңіз. Халық даналығы қарапайым үйіңіздің жылы болғанын да, адамдарды тани білуді де үйретеді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Халқын сүйген – салтын да сүйедi.


Әр халықтың өзінің салт-дәстүрі, сенім-нанымы болады. Ол – халықтың көне тарихымен бірге жасасып, озығы қалып, тозығы ескіріп ұмытылып жатады. Салт-дәстүрі жоқ ел болмайды. Қандай ел болмасын өз халқының салт-дәстүрін сыйлайды, құрметтейді. Халық арасында мынадай аңыз бар: Ертеде, біздің дәуірімізге дейінгі заманда біздің ата-бабаларымызды жау шауып ала алмапты. Әскери дағдылары дамығаны сонша жау әскері ортаға келгенше тиіспей тұрады екен де, олар ортаға келгенде жан-жағынан шабуылдайтын көрінеді. Сонда түріктердің салт-дәстүрін жақсы білетін бір азғын, жаудың әскер басына: «Түріктер ата-бабаларының аруақтарын қатты қадірлейді, егер ата-бабаларының бейітін талқандасаңыз, бүкіл түрік сонда жиналады. Сол кезде соғыса аласыз» депті.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.

  1. Қазіргі кезде адамдарды берген сыйлығымен бағалап, құрметтеп жатады. Ол дұрыс емес. Себебі материалдық дүние барлық адам да
    бірдей емес. Сондықтан ізгілігі, адамгершілігі, кісілігі жоғары адамдар көлеңкеде қала береді. Егер сіздің тарапыңыздан осы бір мәселені шешу қолдан келсе, онда сіз шын мәнінде биік адамсыз. 
    Сіз құрметтеген адам жағдайын айтып, сізге сыйлық жасай алмадым деп жатса, сіз «Асыл сөз арнап берген сыйдан артық» деп айтпайсыз ба?
  2. Өзіңіздің қанатты сөздеріңізді, ой толғамдарыңызды жазып көріңіз.
Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

4 жасқа тілектер

Сені құттықтаймыз! Өсіп, күшейіп, ауырма, көңілді бол, осы әлемді білебер, жаңа қадамдар жаса және әрқашан осындай періште болып қалабер. Саған үлкен, тілалғыш, мықты және дені сау болып өсуіңе тілектеспіз. Туған күніңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық