Асқар Мамин Ұзақбайұлы (1965 жылы 23 қазан)

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді.
Білімі
— 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы);
— 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады;
Отбасылық жағдайы
Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара.
Еңбек өтілімі
• Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асқар Ұзабаев (1983 жылы 7 сәуір)

Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер.
1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
«Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді.
Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы.
Кинодағы рөлдері:
2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан
Режиссер:
2016 Гламур для дур ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Оразақын Асқар (1935 - 2019)

Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.

1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.

Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.

«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асқар Татанайұлы (1906-1996)

Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. “Талап”, “Қалың мал”, “Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тасқараұлы Азамат (1990 жылы 20 қараша)

Тасқараұлы Азамат - ақын, (1990).

Азамат Тасқараұлы 1990 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Феклистовка ауылында туған. 2007 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы арнайы-облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатын бітірген Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қарасазда өткен Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық мүшәйраның 2006 жылы 2 орын, 2007 жылы гран-при иегері, Аягөз қаласында өткен кәсіптік ақындар мүшәйрасының лауреаты, облыстық Т.Нұқай атындағы жыр додасының гран-при иегері, Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қордың «Мұқағали мұрасын насихаттауға қосқан елеулі еңбегі үшін» грамотасының иегері, «Свободной музы приношенье» аймақтық әдеби конурстың екі дүркін гран-при иегері, Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына арналған мүшәйраның 1 орын иегері т.б.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Өмірді жеңілдететін 7 пайдалы дағды. Мұны бізге мектепте неге үйретпеген?

Мұғалімдер оқушыларға ең маңызды дүниелерді үйреткеннің орнына көптеген қиын тапсырмалар береді. Көбі мектепті аяқтаған соң қарапайым өмірлік тапсырмаларды орындай алмай жатады. Алайда мектеп пәндері адамның болашағы жарқын болуына көмектесетін құрал емес пе еді?
Кеңестер
Толық