Адам анатомиясын зерттеген жаратылыс-танушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде -ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді: көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т.б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды. Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс - әрекет түрлерінің рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғылыми - психологтары М.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (189-1936) көп еңбек сіңірген. М.М.Сеченов өзінің әйгілі «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс -әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс», - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеугі мүмкін емес», - деп жазды. Срнымен бірге ғалым сыртқы жаәдайлар әсерлері, барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан және ақырынан бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.....
Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: -жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; -ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; -суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; -жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; -табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа алып келдіБұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тартылтуда.Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.....
Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:, сұрақ - жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау. Көрнекілігі: әліппе дәптер, жануарлар суреттері, слайд
Ынталандыру Шаттық шеңберін ұйымдастыру Шаттық шеңбері» - Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты Жарқырайды күніміз Жадырайды жанымыз .....
Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, үнтаспа. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын түрлері. Мотивациялық қозғаушы кезең. Тәрбиешінің іс - әрекеті: Шаттық шеңбері. Балалар мен бірге қайталайды. - Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келді. Барлығымыз амандасайық. Балалардың іс - әрекеті: Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген, Апайларым сіздерге сәлем! - Сәлеметсіздер ме, апайлар! Іздену ұйымдастырушылық кезеңі. Өткен оқу іс – әрекетіне ой қозғау. - Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - Қазақстанның елордасы қай қала? - Астана. Бас қаламыздағы қандай көрікті жерлерді білесіңдер? - Бәйтерек, Нұрастана мешіті, т. б. - Астана сөзі неше буыннан тұрады? .....
Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та-ынтымақта. Жүз отыздан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма тікелей қатысы бар.........