Әрбір халықтың тарихы бар. Тарихта адамзат тағдыры мен тылсын дүниеміздің бастауын аламыз. «Қазақ» атты ұлы халқымыздың орта ғасырдағы мәдениетін бізге жеткізген де сарқылмас деректер. Орта ғасырдағы Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, т.б. өмірі мен өнерін осы жұмыста ашып айтылған. Сан ғасырлар бойы сақталып, асыл қазына болып қалған ол ұлы ұлы ғұламалар бізге болашаққа бағыт-бағдар беретін сөзсіз. Сол заманмен бүгінді байланыстыратын – тарих.....
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еуразияның сайын даласындағы Алтай мен Орал таулары арасындағы ұлан байтақ далалық өлкелерді көшпелі тірлік мұратымен еркін жайлаған қазақ халқының ұлттық мәдени кескін - келбеті мен болмысының белгілері мен дүниетанымының ескі іздері, тарихи танымы мен әлеуметтік ой - пікірлерінің сұрыпталып сақталған бай қазынасы, сөз жоқ, оның фольклорлық мұрасы. Ұлттың рухы бейнеленген мұра халықтың асыл қазыналарының бірі екендігін тәуелсіздік мұраты жолында жаңа экономикалық және саяси - әлеуметтік реформаларды қарқынды жүргізіп жатқан еліміздің Үкіметі ескеріп, елдің еңсесі көтеріле бастаған уақытта рухани өмірдегі кем - кемтікті түзеуге бет бұрды. Сол тірліктің айқын көрінісінің бірі – Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы қаржы бөліп қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы. Рухани мұраның түрлі салаларын бөліп - жармай тұтас қарастыратын «Мәдени мұра» бағдарламасының бір нысанасы - халқымыздың фольклорлық мұраларын халық игілігіне жарату......
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Мазмұны 1 Ғалымдар зерттеуі 2 Өмір сүрген кезеңі 3 Толғаулары 4 Философия дүниетанымы 5 Дереккөздер Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, .....
Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз. Асан Қайғы шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XVортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал атағы бір деректерде әкесі Сәбит .....