Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Қазақ әдебиетін жанрға бөліп сөз еткенде революцияға дейін поэзиядан ауызша да жазбаша да мол мұраға ие болса, прозаның төркіні Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбееев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин шығармаларымен танылады. Ал драматургиямыз болса, дәстүр мұра дегеннен тұлдыры жоқ тақырда туып, тек қана қазан революциясынан кейін қалыптасты. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әр түрлі жай-жағдайларға қатынасын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, күй-жайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, болып өткен уақиға жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуінен байқаймыз. Сөйтіп драмалық шығармада жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен уақиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қабысып, ұштасып жатады.1 Драматаругия қазіргі әдебиетімізде жетекші жанрдың біріне айналып, күрделі белге көтерілген. ....
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің......
Адам денсаулығы үшін дұрыстамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айналысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз....
Емделгісі келетін адамнан ең алдымен аурудың пайда болу себептерімен күресуге дайын ба екенін сұра. Содан кейін ғана оған көмектесуге болады. Гиппократ
Емделмес бұрын бойыңызда пайда болған дерттің негізгі себебін.....