Боттар бізді алмастыра ма?

Біздің әлем қарқынды дамуда оған таласымыз жоқ.Деседе адамдардың өзі ойлап тапқан өнертабыстарының мүмкіншілігі қаншалықты жоғары? Дәл қазіргі уақытта тұрмыс -тіршілігімізге еніп кеткен боттар жөнінде және олардың қабілеті жұмысшыларды қаншалықты алмастыра алатындығы жайында сөз қозғасақ. Мысалға Америка...
Әңгімелер
Толық

Айтыс жайлы бірер сөз!

Жалпы айтыс қазақтың көсемдігі мен шешендігінің бір дәлелі іспетті ұлттық өнер.Ал айтыстың көшін алға сүйреушілер ақындар.
Ақындық кез-келгеннің басына қона бермес бақ,олар орасан зор дарын иесі.Әу демейтін қазақ жоқ дегенде бар бірақ,саxнаға шығып сенім артқан xалықтың үмітін ақтай отырып,табан астында сөз таба білу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.Ендеше осынау ғазиз өнеріміздің біздің өміріміздегі орны мен бүгінгі өресі жайында...
Әңгімелер
Толық

Айдың әппақ сәулесі...

Өңім бе, не түсім бе, жанарымның жарқылы сол бір бейтаныс бейненің әлденеше рет бой көрсетуін тағы бір мәрте аңғарғандай. Көзайым боларлықтай таңғажайып па екен өзі? Әлде, көз жауын алатындай емес, көңілге дақ салатындай келбетсіз кескінге, тартымсыз тұрпатқа ие ме? Сансыз сауалдар санама сыймай, сергелдеңге салды. Ойыма оралса – жаным тыныштық табады, жадымнан жырақтаса – көкірегімді мұң кернейді. Қандай алапат күш бұл? .....
Әңгімелер
Толық

Бауырыма туған күнге тілектер

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Құттықтау, тілектер
Толық

Балабақша | 1 Мамыр - Бірлік, ынтымақ күні

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Алғыс айту күні (мұғалімге, ұстазға)

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан.....

Тақпақтар
Толық

Қазақша - орысша сценарий: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады)

І-жүргізуші:Қайырлы күн,қымбатты балалар,құрметті қонақтар және ұстаздар! «Болашақ бүгіннен басталады» атты 1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

ІІ-жүргізуші:Уважаемые гости, дорогие ребята! Мы приветствуем Вас на замечательном празднике Дня Благодарения «Будущее начинается сегодня» От всей души желаем в этот особенный день много радости,веселья и приятных сюрпризов! Пусть этот праздник остается для всех самым любимым праздником!
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жаңа жыл (Балабақша | Ақшақардың кебісі)

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қыз ұзату тойына арналған өлеңдер жинағы

Қазақтың тойы ешқашан біткен емес. Тойдың болғаны жақсы. Көпшілік жиналған той-томалақта той иелері, яғни қыз берген жақ сезімге беріліп, тілек айта алмай жатады. Қобалжу бар, қимастық та жоқ емес. Әйткенмен, жұртты аузыңызға қаратқан тұста жүрегіңіздің айтқанын жеткізіңіз. Бәлкім, жүрегіңіз мынадай шумақтармен шабыттанар. Ендеше, бүгін сіздерге қызыңыз ұзатылып бара жатқанда айтар деп мынадай (авторлары белгісіз) жыр-шумақтарын ұсынып отырмыз.

Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.

Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп....

Өлеңдер
Толық

Еліңді сүйсең ерлік істейсің

Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы - қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.Өзара одақ құру арқылы....
Эсселер
Толық