ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі - Арал экологиялық дағдарысы — адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы,ежелгі мәдениет.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Аралдың ежелгі мәдениетіне талдау жасау. Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері: - Арал қаласының географиялық сипаттамасы - Зерттеу әдістерін пайдалану ; - Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ; - Аралдың ежелгі мәдениеті;.....
Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді Хабар 24-сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Кіріспе Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бұрын соңды болып көрмеген деңгейге жетті. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. «Алдымен экономика, сосын саясат» айдарымен алысты көздеген Президенттің стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Оны орындау мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатпен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президенттің заңдық күші бар 140-тан астам Жарлығы жарияланды. Олар экономика саласында реформалардың елімізде екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман талабына сәйкес нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Нәтижесінде алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықтық. Қазақстан реформаларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін шетел басшылары мен мамандары айта бастады. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан–2030" Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев атап өткенiндей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады [1]. Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы – әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады. Бүгінгі Қазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықта дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен жаңа ғасырдың алғашқы жылдарындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз. Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен басым бағыттары болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның 1991-2011жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы тақырыбына қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады: Бірінші топта, үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл» деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн....
Кіріспе Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда шет елдік тәжірибені зерттеуде және қолдануда мынадай сәттерді ескеру керек: • оны бағалау мен пайдалану мүмкіндігіне нақты-тарихи жағынан келу, яғни тәжірибесі зерттеліп отырған елдің қоғамдық-саяси деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескеру; • әлеуметтік жұмыстың тәжірибесіне бейімделу өз елінің, өз аймағының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үзеге асыру керек; • шет елдік тәжірибені қолдану өз елінде жинақталған жастарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибені алып тастау деген сөз емес; • посткеңестік кеңістікте алыс шет елдік тәжірибені ғана емес, қайта құрудан кейін жинақталған бұрынғы социалистік елдердің де тәжірибесін қолдану да маңызды. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі үшін дамуының біршама тарихы бар дамыған елдердегі жұмыс тәжірибесі өзіндік құнды болып табылады. 1. Дамыған елдердегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негізгі модельдері Дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың қазіргі деңгейі біршама жағдайларға негізделген. Бұл елдердегі басқарушылар шеңбері мен қоғам мыналарды сезінді:....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./ Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру. Курстық жұмыстың міндеттері: - инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау; - ҚР инфляциялық жағдайын талдау; - инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады. Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. ....
Кіріспе Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1]. Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті. Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады [1]. Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. ....
К I Р I С П Е Қазіргі кездегі мемлекеттегі жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу қылмыспен күресуде нәтижелі болу керек екенін атап өткен дұрыс, себебі қылмыспен күресудің нәтижелігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады. Қазақстан Республикасында сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 75-бабында бекітілген. Бұл ереженің маңыздылығы – дұрыс қалыптасқан сот әділдігінің жүйесіз құқықтық, демократиялық мемлекет құруға болмайды. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларын реттеуге байланысты ғылыми зерттеулердің бағыттары, ең басынан құқықтық мемлекет құру сұрақтарымен байланысты. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі бұлтартпау шарасын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтарды жүзеге асырылуы табылады. Бұл біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы, ол соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы, қылмыстық-процессуалдық институттарды заңмен реттеуі бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан, қылмыстық-сот өндірісіне тузету енгізу – үшінші жағынан. ....
Кіріспе. Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер. Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек. Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы.....
Қызмет аясы еңбек және қоғамдық өзара қатынастың жетілдіруіне тікелей және жанама әсер етеді, өмір салтының қалыптасуына қатысады, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-түрмыстық айырмашылықтардың жойылуына әсер етеді. Сөйтіп оның халықшаруашылық маңыздылығы халықтың өмірлік маңызды мүдделерімен тікслей байланыстылығымен түсіндіріледі Қызмет көрсету аясының маңызды әлеуметтік-экономикалық функциясы қызмет формасымда өндірілетін халық үшін қосымша өмірлік игіліктерді құру болып табылады Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-зкопомикалық мәселелері шешуге көмектеседі Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулықты нығайтады және көңіл-күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Ол сондай-ақ жалпы ұлттық өнімнің және ұлттық табыстың өсуіне әсер етеді Материалды, еңбек және қаржы ресурстарым үнемдейді, қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді....
Жергілікті қаржы – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Ол жергілікті бюджеттерді,арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістіреді. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірінғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес катигория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. Бүгінде, жұртқа мәлім,қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде,олар әлеуметтік,экономикалық,экологиялық,демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуін дербестікке ие бола бастады. Жергілікті қаржының басты буындарының бірі- жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады,ал басқа буындарды- жергілікті шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары (корпоративтік қаржылар),сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде оқулықтың тиісті тарауларында қаралған. ....