О бастан-ақ парасат, ой дарыған Біз боламыз жарқын қыз, Жайдары ұлан. Біз — жалынбыз өшпейтін мәңгі бақи, Біз — комсомол жел ескен айдарынан! Біз — комсомол: Күштіміз, Қарымдымыз. Қолтықтаған құрбымыз — дарынды қыз. Алқынуды білмейтін арғымақпыз, Ауыздықпен алысқан арындымыз. Біз — комсомол: Ауылдан, Шаһарданбыз. Артқан жүкті алысқа апарғанбыз. Спортында — әлемдік чемпионбыз, Ал майданда — қып-қызыл қаһарманбыз! Даңқты жол — біздердің өткеніміз. Музейлерде қайла мен кетпеніміз......
Сайран салам сағынышпен келем де, Қарлығаштар айналады төбемде. Қырымнан да, Римнен де артықсың, Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде. Баладай пәк бауырың да, досың да, Бауырыңа бас, шұрқырасып қосыл да.......
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман .....
Халықаралық қылмыстық құықтың тарихы 19 ғ. Соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамры тереңде жатыр. 1889 ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық құқығы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ыннтымақтасуды ұсынды . Мұндай ынтамақтастық халықаралық қылмыскелерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын. 19 ғ. Алғпшқы халықаралық құқықтық актілерқұлдық және құл саудасы мәселелріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англи, ресей, Австрия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды. Дәл осы кезеңде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. Әйелдерді саудалаумен күрес жүргізудегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді. 1884 ж. Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияғақол қойылды. 1802 ж. Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жаса жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен шартына қол қойылды. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқықинституттарының жүйесін қайталайды. Тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерісітер болуы мүмкін. Халықаралық жария құқықтың негізігі қайнар көздері екі жақты және көпжақты шарттар болып табылады....
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері». Бұл тақырыпқа жазу мақсатым: дүниежүзілік валюта қатынастарының даму тарихын ҚР- да валюта жүйесі және оның қазіргі жағдайы, банктерде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мағлұмат алу. Менің кеурстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. I бөлім. Халықаралық валюта қатынастарының қалыптасуы және дамуы деп аталады. Бұл тарауда мен мынадай мәселерді талдадым. Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымын қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының туындауына ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен н/е мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйесі қалыптасты. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады. Валюта бағамы – басқа валюталық ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам, басқарылатын құбылмалы бағам. IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым. Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады. - нарықтық реттеу - мемлекет тарапынан реттеу Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеке негізделсе, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады. ....
Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді. Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал. Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне: - құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі; - негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады. Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр. Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. ....