Тарих – ұлт тағылымы, кеше мен бүгінді байланыстырар асыл көпір, келешекке үлгі болар ізгі даналық.Тарих қойнауына жол тартсақ, дәуір көші болып табылатын заманның адамзат басына салған сан қилы дүрбелеңі мен сындарлы оқиғалар іздерін көреміз.Бұл іздер саны аспандағы жұлдыздан да көп, ал әр іздің түбінде теңізден де терең бір құпия тұнып жатыр.Тарих парақтарында жасырынған, уақыт еншісінде қала берген сол сырды ақтарып көрелік... Адамзат тарихындағы, ұлт тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – Ұлы Отан Соғысы. Бұл соғыс туралы білмейтіндер кемде – кем, себебі дәл осы оқиға достық пен жанашырлыққа, адал махаббатқа сын болды, дәл осы оқиға Отанды сүйе білуге, ұлт намысы үшін күресе білуге үйретті, дәл осы кезеңде ер – жігіттер қызу майдан даласында болаттай шынықса, қызыл гүлдеріміз ел басына түскен ауыр жүкті бөлісе көтерді. Азапты күндерде ажал құшып, азаттық үшін күрескен асыл ерлерді, сол ерлерді жүрегі қарс айрыла күткен темірдей төзімді алтын аналарды, сәбилік бақытын сұрықсыз тұрмыс қиындығына айырбастаған балаларды еске алсақ, зұлмат соғыстың қандай азапты да ауыр болғандығын ұғынғандай боламыз. Ұлы Отан Соғысы қарсаңының қазақтан шыққан жаңа батырларды іріктеген өмір емтиханы болғаны бізге аян. Мысалы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі үлгі боларлық іс. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150 - атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25- те кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді. Бораған оқ арасынан ентелей өтіп, ел үшін жан пида етуге дайын болған Рақымжан ер сол кезде ұлт намысын, ер намысын қорғай алды және осы ерлігімен майдандас бауырларға рух берді. Рақымжан батыр қадаған ту тек Рейхстагқа емес, қазақ тұғырына тігілген ту болатын......
Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. Б.Момышұлы Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды. Ерліктің арқасында бақ қарады....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қимақ қағанаты (3-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына тигізген ықпалын анықтайды;
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қимақ қағанаты (2-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Қазақстан территориясындағы Қимақ қағанатын құрылуын сипаттайды; • Қимақтардың қоғамдық құрылысын зерттейді және оғыздармен салыстырады; • Ортағасырлық деректердің көмегімен қимақтардың шаруашылығы мен тұрмысын зерттейді.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қимақ қағанаты (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Көшпелілер мен отырықшы халықтың арасында экономикалық пен әлеуметтік байланысты талдайды.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау; 5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну Сабақ мақсаттары: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 2-сабақ Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау; 5.2.2.6 – Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну Сабақ мақсаты: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде? 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау; 5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну Сабақтың мақсаттары: Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау.