Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында. Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Шығарманың жоспары 1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім. 2.Негізгі бөлім: а) Астана қаласының тарихы. ә) Елорда және Елбасы. б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы. г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы. 3.Қорытынды: а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы. ә) Астана - бүгін өскелең қала. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. .....
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, небір тар жол тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік - экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, мыңдаған боздақтарынан айырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түбінде аңсаған арманына қол жеткізді. Халқымыз ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Соңғы жылда елімізде көптеген ауқымды, әрі ұтымды істер атқарылды. Мемлекет нышандары өзгерді. Тарихымызды жаңғыртып, зиялылардың есімдерін қайтарып алдық. Ата заңымыз қабылданды. Қазақстанды,оның Президентін әлем танитын болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Мәдениет, дәстүр қайта жанданды. Кезінде шетел асып кеткен қандастарымыздың ата жұртына қайта оралуына жол ашылды. Ел тәуелсіздігі үшін болған Желтоқсан оқиғасындағы қазақтың қайсар жастарының өшпес ерлігі әлемді дүр сілкіндірді. Тарихи бағасын алды. Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған Желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгілікке орын алып, өшпес тарихқа айналары сөзсіз. 1991 жылдан бері елімізде түрлі өзгерістер болды. Қазақстан халқымыздың ынтымағының, бірлігінің арқасында көркейіп, өсіп келеді. Еліміздің мақтанышы, егемендігіміздің қайсары Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жасында халқын сүйетінін, қорғай білетінін әлемге танытып, табындырып кетті. Ел тәуелсіздігі үшін күрескен басқа да боздақтарымыз қаншама. Оларды біздер ұмытпаймыз! Тәуелсіздікпен бірге төл теңгеміз, әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз өмірге келді. Еліміз елу елдің қатарына иығын тіреп келеді. 1998 жылы Елордамыз-Астана қаласын Есіл өзенінің бойына қондырдық. Осының бәрі мемлекетіміздің мықтылығын дәлелдейді. "Әрбір адам артында ғибратты алар із қалдырса, шынайы бақыт-осы" деп білемін. .....
Жазмыштың жолынан кім шегінбеген Өшігіп қайта бастым өмірге мен. .... сол өмірдің арасынан. Ем табар шерлі көңіл жарасынан. Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз, Сөз айтам сол жүректің жарасынан. Адамның алды жарық тілегі бар, Қуанып, күйінетін жүрегі бар. Ажалдан басқа қиындық қолдың кірі, Әй, Алла-ай, әрбір істің тірегі бар. Өз елін кім шығыпты іздеп басып, Сүруге шаттық өмірге әркім ғашық. Жігітке әр уақытта Алла пана, Бейбіттік болғай еді-ау, есік ашық.....
Мінгенде атым қан жирен, Қан жирен жүрер әр күймен. Алды-артымды ойласам, Әуе айналып, күн күйген. Белеңге шығып қараймын, Желге шашымды тараймын. Келмеген соң жалғызым Не болам деп ойлаймын, Кереге бойын бойлаймын. Әуеден ұшқан кекілік, Кекілік отыр бекініп. Жылады деп сөкпеңдер, Жалғызымнан айрылып, Мен отырмын өкініп. Қайыңнан алған күрегім, Қайғылы болған жүрегім. Алладан мен тілегем жоқ, Осылай болды тілегім. Білезік салдым білекке, Жеткізе ме деп тілекке.....
Төр жапсарын ояйын, Орнына сандық қояйын. Дүниеден өткен анам-ай, Орныңа кімді қояйын?! Қалайы сандық қапсырдың, Дәнекерлеп жапсырдың. Артыңда қалған балаларды, Анашым кімге тапсырдың?! Шайыдан көрпе құрайын, Дүниеден өткен анама, Алладан иман сұрайын. Базардан келген матадай, ........белге батады-ай. Анашымның жоқтығы Бір өзіме батады-ай. Базардан келген көк арба, Жаңбыр тисе, оңар ма?....
Аппақ сүтін емізген, Мейірі терең теңізден. Таппаспын, ана, өзіңдей, Ақ еділ жанды өмірден. «Қарғам» деп жүріп қартайдың, Ұйқысын қиып әр таңның. Ажымға толып ақ жүзің, Ағарды қара самайың. Науқастың болмай амалы, Күн туды басқа қаралы. Анамыз сізден айрылып, Көңіліміз болды жаралы.....