Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан «Келін» телехикаясының басты кейіпкері - Анандиді сомдаған Авика Гор 6-наурыз күні «Түнгі студияда» қонақта болады.
Жаңалықтар
Толық

Алтын санаған аштан өледі

Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған
жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
– Оян! – депті.
– Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны.....
Ертегілер
Толық

Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс.....
Рефераттар
Толық

"Эйр Астананың" жолсеріктері қазақ тілін үйренуге кірісті

"Эйр Астана" компаниясының жолсеріктері қазақ тілін меңгеріп жатқандығын ОКҚ брифингісінде әуекомпанияның Үкіметпен байланыс бойынша аға вице-президенті Ербол Оспанов мәлімдеді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады

"Проблема бар екенін білеміз. Тапсырма берілді. Министрдің бақылауында", - деді ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұро

Естеріңізде болса, 2013 жылы қазақстандық ұшақтарда жолсеріктердің қазақ тілін меңгермегендігі бойынша бірнеше жанжал орын алған болатын.

Аталмыш компанияның вице-президенті Ербол Оспанов "Эйр Астана" жолсеріктерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеруі бойынша үлкен іс атқарылып жатқандығын жеткізді.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының жолсеріктерінің барлығы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олар әр түрлі ұлттың өкілдері, барлығы - 1200 адам. Оларды жұмысқа қабылдағанда алғашқы талап қазақ тілі мен ағылшын тілін білуі болады. Кейінірек ақпаратты........

Жаңалықтар
Толық