Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай. ....
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық оқу сауаттылығы түсінігіне тоқталу. Танысу сәті «HELLO» әдісі, «Кітапты тап» ойыны. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Кітапты тап» ойынының тапсырмасы: Тақтаға кітаптардың мұқабасын іліп, оқушыларға сол кітапты кітапхана ішінен өздері тауып алып келу. Оқушылардың бойында оқу сауаттылығын даумыту.....
Сабақтың тақырыбы: Reading for Pleasure/ Чтение для удовольствия/ Кітап – ең сабырлы ұстаз
Мақсаты: Ағылшын тіліндегі кітаптардың мәтінін оқу мен саралау (анализ) арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Әр топқа әр түрлі мәтін беру. Оқу және тыңдау қабілеттерін дамыту мақсатында «Penguin», баспасының кітаптар жинағынан мәтіндерін оқып, аудио жазбасын....
Есіз үйде отыр ана, Күйген жұртта қалған қу бас. Бар серігі жалғыз ғана Қасындағы күйелі ағаш. Отыр жұртта жалғыз өзі, Қураған бас түскен төмен. Күйікпенен жанды өзегі, Қайғысы — өзен түпсіз терең. Аруақтай сүлде ғана, Солған жүзі қу кебіндей. Баққан соны шыр айнала, Ажал шіркін түр көрінбей. Қан көзіне күн астынан......
Қазіргі таңда жаңа ғалым жаңа заман демекші ХХІ ғасырда тек қана дәрханлардың қыметі жаңару үстінде емес, сонымен қатар басқа да сауда желісіндегі барлық орталықтар адамдардың көңілін аулау және өз саудасын алдыға жылжыту мақсатында көптеген әсемдікпен сауда орындарын жаңарту үстінде. Соның ішінде пациенттке немесе сатып алушыға батғытталған ХХІ ғсырдың дәріханасында әрине барлықдәрі дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен таңу материалдары және тағы басқа мақсаттағы заттар толық, үлкен ассортименте болуы шарт. Әсіресе қазіргі таңдағы ХХІ ғасыр дәріханалары ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен тауарларды науқастарға немесе сатып алушылар өздері таңдап көре алатындай жағдай орналастыру қызметімен байланысты болады. ....
Тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих қойнауының талай қалтарыстары ашылып, халықтың рухани қазынасының пайдаланылмай келген талай жәдігер мұралары бүгінде кәдеге жарап жатыр. Сондай ұмыт қалған қазынамыздың бірі - ұлттық білім беру мен тәлім-тәрбие мәселесі. Бүгінгі таңда ғылымның қай саласына болсын, жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт жетті. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. "Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады. Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық. Халықты тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын жасырып, - жабудың қажеті жоқ. Патша өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-қазақ" мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға бастады. ....
ХV ғасыр ортасында шаңырақ көтерген Қазақ мемлекетінің күні бүгінге дейін сабақтастығы мен жалғастығы үзілмеген төл тарихы әлденеше Астананы аспандатқаны ұлттық санамызда, бабаларымыздан жеткен рухани мұрада өшпес із қалдырды. Бастау-бұлағына көз жіберсек, бұл әріден келе жатқан дәстүр екен. Елорданы қастерлеудің тамаша үлгісін Күлтегін тасындағы Өтікенге арналған жазудан, Асан Қайғының Жерұйықты іздеуінен көре аламыз. Байырғы түркілер де, олардың заңды мұрагері қазақтар да мемлекеттің Астанасын елдік тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл-ой мен күш-қайраттың қайнар бұлағы ретінде қабылдаған ғой. Үш ғасырға жуық созылған отарлау, тоталитарлық модернизация мен зорлық Елордаға қатысты қастерлі ұғым-түсініктердің, жөн-жоралғының, салт-сананың сайын даламыздағы құндылықтарын аяусыз шайқалтқанымен, түбегейлі жойып жібере алмапты. Олар мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған сәттен бұрқ етіп сыртқа шықты. Елордасын бас-аяғы 10 жыл ішінде бұрын-соңды қол жетпеген биікке көтере алған халық, оған барша әлемнің назарын аударта білген халық, жатқа телмірген жадағай қаланы Қыз Жібек пен Баян сұлудың моншағындай ару шаһарға айналдырған халық, түптеп келгенде, мәңгі ел ұстайтын мәңгі халық екенін бүгінде қапысыз дәлелдеді. Мықтылардың әлсіздерді өзіне қаратып алуының әлемдік тәжірбиесіне көз жүгіртсек, бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі ешқашан оңайға соқпаған. Миллиондардың қанын мойнына артқан кеңестік тоталитарлық жүйені былай қойғанда, өзін өркениетті, ізгілікті санайтын Еуропаның Англия, Франция, Португалия сияқты отарлаушылары Индиядан, Алжирден, Египеттен айрылмау үшін небір құйтырқы саясатқа, зорлық-зомбылыққа барғанын қария тарих жақсы біледі. Ендеше, баршаға жайлы жаңа тұрпаттағы қоғам орнатуға уәде бергенмен, діттеген мақсатына жетпей, айықпас қайшылықтардан титықтағанына қоса қатыгездігі шектен шыққан КОКП мен Кеңес Одағы уысынан аман-есен босағанымыз – біріншіден, тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз. Азаттық туын көтерген сәттен жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Саяси жүйені, экономикалық қатынастарды, мәдени-рухани құндылықтарды, заңнамаларды, ішкі-сыртқы саясатты тәуелсіздік мүддесіне жүгіндіру, тарих тағылымы мен заманауи талаптары биігіне көтеру, сол арқылы елдің табиғи-ырғақты даму жолын табу, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кескінімізбен кірігу – бәрі бір сәтте алдан шықты. Бұған өтпелі дәуір қиыншылықтары қосылды. Ескі қоғам ығысып орнын бере қоймаған, жаңа қоғам әлі толық орнықпаған ғасырлар тоғысында, қазақ халқы ұлт болып қалу-қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?», «Кім кімді жеңеді?» сұрағына жауап ұсынғандар елде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені әлі есімізде. ....
Қазіргі таңда дүние жүзінде әртүрлі үлкен-үлкен жаңа ашылулар мен жаңалықтар жарыққа шығуда. Әрбір ғылым саласындағы қызметкерлер: ғалымдар, академик-профессорлар, оқытушылар барлығы әлі сыры толығымен ашылып болмаған Жер бетінің жұмбақтарын зерттеп, анықтауға атсалысуда. Сондай жұмбақ жаратылыстардың бірі- адам. әрине, Қазір осыдан 1-2 ғасыр бұрынғыға қарағанда жеке адам туралы біршама көп білеміз. Дегенмен де адамның жаратылысы туралы түсінбейтін, білмейтін жақтарымыз да көбірек. Адамның жеке мүшелері, олардың құрылысы, дамуы, өсуі, қызметтерінің реттелуі, патологиясы, мүшелердің регенерациясы , тағы басқа туралы бірнеше ғылым салалары зерттеп, оқытады. Мәселен, анатомия, гистология, физиология, биохимия, психология, антропология, т.т. Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім ) тірі организм мен оның жеке жуйелері , ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.ол тіршілік үрдістерін, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды. Жалпы адам іс-әрекеттері ми арқылы реттеліп отырады. Әсіресе адамның үлкен ми сыңарлары бір секундта 200-300 дейінгі тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға жауап береді.Осы үлкен мидың оң және сол жақ жарты шарларында орналасқан сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана, ұйқы, месл, психикалық әсерленістердің қызметін білудің маңызы зор. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын. П.К.Анохин 1968жылы салалы іс - қимылды түсіндіру үшін арнайы функциялық жүйе сызбасын ұсынды.....