8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

Жанар Ибраева Жеңісқызы,
Астана қаласы,
№ 68 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағат мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағаттар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана)

Мұғалім сөзі:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Сыйынар ем Ана деген тәңірге)

Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )
Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Турбо Паскаль тілінің динамикалы байланысатын кітапханалары

Динамикалы байланысатын кітапханалар – Dinamically Linked Libraries (DLL) - Dos Windows режимдерімен жұмыс жасау кезінде енгізілге программаларға қосымша мүкіндіктер береді. Және де олар компютердың тек BP. EXE, BPC. EXE, BPW. EXE версияларымен ғана құралған болуы мүмкін.
Қазіргі таңда стандарттық динамикасы байланысатын кітапханалардың (DLL) программамен жабдықтауды программистерге келешекте стандартты программалармен қатар қолдануға мүмкіндік беретін өз динамикалы байланысатын кітапханаларын (ДИ) құруға мүмкіндік береді, сондай фирмалардың бірі – Borland Pascal With Object.
Алғашында динамикалы байланысатын кітапханалар Windows-тың бөлімдерінде қолданылған. Borland Object динамикалы байланысатын кітапханаларды Dos режимі үшін де жұмыс жасауға мүмкіндік жасады.
ДИ сияқты кітапханалардың құндылығы- олардың оперативті жадты жүктегеннен кейін де енгізілген программалармен қатар, олар Ди-дің Windows үшін жұмыс істеуімен бірдей болады. Бұл құрылым жұмыс жасаушыларға Dos-та қалай жұмыс істесе Windows-та да дәл солай жұмыс істеуге де программалар құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ДИ «көп тілді» проекттерді қолдайды,
яғни: Borland Pascal With Object тілінде жазылған программаларда басқа тілдерде жазылған ДИ, ал басқа тілдерде жазылған программаларда Borland Pascal With Object тіліндегі ДИ қолданылады.....
Рефераттар
Толық

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы

В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің мадызына ерекше назар аударып "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріпіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектепден бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте мектетің жалпы міндетгерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие просысынің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясын көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, СОНЫМЕН қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектегі басқару ісі біртіндеп демократиялыық бағытты ұстануда. Яғни педатогикалық әрекетгегі үшбұрыш — оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиалық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшішк-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектепің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар легториясы мен университтетіері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді "шешуде мұғалімдер оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастық жұмыс істеулерін қажет етеді.....
Рефераттар
Толық

Өмір гүлі - аналар

Тақырыбы: Өмір гүлі – аналар!
Мақсаты: Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, суретті плакаттар.

Жүрісі:
Тәрбиеші:
- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, сіздердің алдарыңызда мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері өздері дайындаған билерін билеп, әндерін шырқап, тақпақтарын айтпақшы.
Көктемнің алғашқы айындағы ең алғашқы мереке – 8 наурыз – аналар мерекесі де келіп жетті. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Аналар - күн шуағы

Мұғалім: Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.
Мұғалім: Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыз қызғалдақтар, бүгінгі біздің концертімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Раййана
Шалқып - тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналар, сіздерді құттықтап,
Әндетеміз бүгін біз!

Мади
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз!
Қыздарды да құттықтап!
Мерекесің тойлаймыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Аналар мерекесі

Сабақтың тақырыбы: Аналар мерекесі.
Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын молайту. 5 - 6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды үйрету және сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Өлең, мақал – мәтелдер жаттату.
Тәрбиелігі: Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: аналар мерекесі туралы суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының ездерін қалай еркелететінін айтады.
Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Балалар, бүгін бізге Дымбілмес келіпті, оның тапсырмалары бар екен, орындаймыз ба? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Аналар мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да
Аяулы аналар,ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық .
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқатолып өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық