file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Інкәрбек Қажымұхан (Шал)

Қаусаған кім-кімгеде қара шалмын.
Кемпірім көңіліме жара салдың.
Өкпелеп теріс қарап отырсаңда,
Мен саған жаңбыр жауса қарасармын!

Тып-тыныш жатыр едім пәтерімде.
Өкпелеттің осында әкелдің.....
Өлеңдер
Толық

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын 30 млн теңгеге бағаланды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде "Прайм-Плаза" ойын сауық орталығына келтірілген шығын 30 миллион теңгеге бағалануда, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына маркетинг бөлімнің басшысы Юлия Мачулан.
Жаңалықтар
Толық

"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды

"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.

Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.

"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.

Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.

Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.

Жаңалықтар
Толық

Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Жаңалықтар
Толық

Сүтті сиырды таңдау

Сүтті сиырды таңдау. Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады.

Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға......
Рефераттар
Толық