Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абайдың аудармашылық таланты

Кіріспе
Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Баланы жасына қарай тәрбиелеу

Баланы ұрып, жазалау – қазақ қоғамына тән «тәрбие амалы». Негізінде, баланы ұру әдеті олардың жауап қайтара алмауынан туған.

Алғашқы кезең – 5 жасқа дейін

Бұл шақта балаға патшадай қарау керек. Тыйым салу орнына, көңілін басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Егер тәртіп бұзса, қабақ түйіп, қорқытқан түр жасап көріңіз. Мұндай «тілді» балалар жақсы түсінеді. Бес жасқа дейін баланың өмірге қызығушылығы артып, әр нәрсеге көңілі ауып, жаңа дүниені тануға құмар болады. Бұл шақта баланың логикалық ойлауы әлі толық жетілген жоқ. Мәселен, қымбат ыдысты сындырып алса, оны сатып алу үшін көп еңбектеніп, ақша табу керек екенін түсінбейді. Сондықтан, жазалауды әр істен тыю және күш көрсету деп қабылдайды. Демек, оған ыдыс сындырмауды емес, өзінен күшті адамнан қорқуды үйретесіз. ......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер
Толық

Қыста тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз мынаны ескеріңіз

Тоңазытқыш ұзақ әрі сапалы қызмет етуі үшін... Тоңазытқыш – адам денсаулығына маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуы үшін пайдаланылатын, электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ал қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен салқын түсіп, қысқы мезгілге ауысқан шақта күннің ыстығында кейбіріміз талай керегімізге жараған тоңазытқышты көктемге дейін уақытша өшіріп қойып немесе орын болмай балконға, жылуы жоқ бос бөлмелерге қойып жатамыз. Бірақ, бұлай жасауға бола ма? "Кейбір жағдайларға байланысты тоңазытқышты уақытша пайдаланбайтын болғанда не істеу керек? Кейін керек кезінде қосқаннан кейін дәл бұрынғысынша жұмыс жасай бере ме?"деген сансыз сұрақтар алаңдатып қоятыны белгілі. Сондықтан кішігірім бола да маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын қарастырып көрелік.......
Кеңестер
Толық

Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР төлем балансын талдау

Кіріспе
Сыртқы экономикалық іс- әрекеттерді есептеуорта ғасырда пайда болған. Төлем балансы терминін Шотландтық экономист (ХVІІ ғ.) Джеймс Стюарт ойлап тапқан ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған.
Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономиквлық көрсеткіштерді талдау табылады. Бұл талдаулардың мақсаты – осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақтылы негізде келіп түсетін экономикалық статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қорқақ баланың қолынан не келеді

Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі. Жалпақ тілмен жаутаңкөз дейміз. «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар.
Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі:
1-Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау);
2-Алаңдау;
3-Бөтен заттардан қорқу;
4-Жалғыз қалудан қорқу;
5-Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;

Енді себептері:

1. Ата-ананың орынсыз әлпеші.
Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен. ......
Кеңестер
Толық

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

✅ 4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Баланы тәрбиелеудің 4 сатысы

✅ Бала тәрбиесі сан мыңдаған кезеңнен тұрады. Соның ең маңызды төрт кезеңін назарларыңызға ұсынамыз.

✅ Бірінші кезең – бес жасқа дейінгі кезең. Бес жасқа дейін белсенділік, танымдық және өмірге қызығушылық секілді қасиеттер орнығады. Тыйым салып жазғырудан гөрі бұл кезеңде баланы алдаусырату керек. Балаға жаза берудің бірден-бір себебі – олардың есесін қайтара алмауында. Егер сәбиіңіз қауіпті бір нәрсе жасар болса, қорыққан кейіп жасап, қорыққан дауыс шығарыңыз. Бала ол тілді өте жақсы түсінеді. Баланы бес жасқа дейін басып тастар болсақ, онда біз баланың белсенділігін, өмірге деген қызығушылығын, интелллектісін және иммунитетін де басып аламыз. Балаңызды уайымсыз бойұсынуға үйретіңіз.

✅ Екінші кезең – бес жас пен он жас аралығы. Бұл – бағыну мен өмір заңдарын үйрену кезеңі. Бұл кезеңде баланың ақыл-парасаты мен логикасы белсенді түрде дамиды. Бала айналасындағы адамдардың жасаған істеріне қалай қарайтынын саралайтын кезеңде және ол да жағымсыз көзқарасты мейлінше байқамауы керек. Бұл кезде баланы білім алу, тапсырма беру және осыларды талап етуден қорықпаңыз. Егер бес жастан кейін де баланы еркелете берер болсаңыз, балаңыз ұшқалақ, жұмысқа қабілетсіз әрі рухани жұтаң болып өседі. ......
Кеңестер
Толық

БАЛАНЫЗҒА ТІС ШЫҒА БАСТАДЫМА

Сәбиге алғаш тіс шықан кез. Баласы бар аналардың бұл сәт есінде болар. Немесе мұндай кезең сізді де күтіп тұрса керек. Осындай кезеңді қиындықсыз өткеру үшін және баланың тісі шыққанда бірден көмектесетін халықтық әдісті назарларыңызға ұсынамыз!

Сәбиге ең алғаш тіс шыққанда анасының таза саусағын құмарлана шайнағаны да жеткілікті.

Осы сәтте саусақпен баланың қызыл иегін уқалау әдісін қолданып көріңіз. Саусағыңызға шүберек орап алып, содаға немесе бура ерітіндісіне (1стакан суға бір қасық) малып қызыл иекті сүртіңіз. ......
Кеңестер
Толық